Жетісу облысының Сәкен Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 шілде күні Талдықорған қаласының №4 «Ясли» бала бақшасына «Әжемнің ертегісі» жобасының аясында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.
Шара барысында бүлдіршін оқырмандар, танымдық ертегілер мен тәрбиелік мәні мол, қазақтың озық салт-санасына бейімдей білетін ертегілермен танысты.
Ертегілер - халық даналығының айнасы болып табылатындықтан, ауыз әдебиетінде алатын орны ерекше. Сондықтан да, өскелең ұрпақты, сол салада үлес қосқан жандардың ерен еңбегімен сусындатқан жөн.
Осы себептен, іс-шарамыздың құрметті қонағы ретінде, балалар жазушысы - Жұмабала Балақаранова шақырылды. Құрметті қонағымыз, кішкентай оқырмандарға ертегілердің маңызы мен ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, өз туындыларымен таныстырды. Іс-шара маңызды ақпараттар мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болып өтті.
|