Жаңалықтар

Кітапханада экскурсия өтті.

11 шілде 2024 жылдың Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасына «Умные детки» мектеп алды даярлау орталығы экскурсияға келді. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды. Сондай-ақ балаларға ойын, флешмоб биі ұйымдастырылып, «Головоломка» мультхикаясы көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.07.2024

«Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті.

2024 жылдың 9 шілдесінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты : Оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райкулқызы «Терроризм мұны бәрі білу керек» деген ұғымды оқырмандарға қазіргі кездегі салт – дәстүрлердің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтау жолдары турасында пікірлесу және дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Оқырмандар толық мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2024

«Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды.

2024 жылдың 7 шілдесі күні Ұлттық домбыра күніне орай Жастар саябағында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы төрт бөлімінен тұратын «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ күйлерінің шығу тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылар, күйшілік дәстүр, домбыра өнерін үйрену, күйлер мен әндердің домбыраға арналған ноталары туралы әдебиеттер қойылған. Кітапханашы Қымбат Садырбекова көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2024

Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өтті.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу оқу өндірістік кәсіпорнына қарасты тігін цехында Домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында жыр сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақтың ұлттық аспабы – киелі домбыраны дәріптеу, домбыраға құрметпен қарау, домбыра үнінің құдіретін сезіну, ұлттық аспапты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Шара барысында Кітапхананың тұрақты оқырманы өнерпаз, Дәуен Алғысбек тігін цехындағы жұмысшыларға өз өнерін көрсетті. Алғысбек домбырамен өзінің кең диапазонды дауысында бірнеше әндер шырқап, тыңдаушыларын тәнті етті. Домбыраның күмбірлеген үні тігін цехын ерекше шаттыққа бөледі. Цех жұмысшылары домбыра күніндегі шараны өздеріне тартылған сый деп сезінді. Домбыра үнінің құдіретіне, Дәуен Алғысбекке, шараны ұйымдастырушы кітапхана ұжымына ризашылықпен, алғыс сезімдерін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.07.2024

Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды.

2024 жылдың 2 шілдесі күні Көксу ауданында «Андас» шежіре кітабының тұсаукесері өтті. Бабалар рухымен үндесу, ұрпақтарының жүздесуі мақсатында ұйымдастырылған республикалық шарада Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды. Жетісу тарихынан басталатын көрме 2006 – 2023 жылдар аралығында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің еңбектері басылып шыққан кітаптардың таныстырылымымен жалғасын тапты. Көрмеге қойылған 172 кітапты кітапханашы Ерден Нұрахмет пен Наргиз Камбаева көпшілік оқырманға таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.07.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика