29 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, қаламыздың 54380 әскери бөлімінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі Ата Заң» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Конституция – бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болы...
|