21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.
Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани байлығы мен тұтастығының тірегі. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, өнері, әдебиеті мен дәстүрі - бүгінгі ұрпақ үшін өшпес мұра, баға жетпес қазына.
Көрмеге қойылған әдебиеттер қатары қазақтың ақын - жазушыларының шығармаларымен, ұлттық өнер мен музыка, салт - дәстүр, тарих ғылымдары мен этнографияға байланысты құнды кітаптармен қамтылды. Көрмеге қойылған кітаптар арқылы оқырмандар қазақ мәдениетінің тереңіне бойлап, рухани әлеммен етене жақын таныса алды.
Кітап көрмесі №29 орта мектеп лицей оқушыларына таныстырылды. Оқушылар көрме арқылы ұлттық мәдениетімізді тереңірек танып, рухани байлықпен сусындап қайтты.
|