14 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 18 маусым Әкелер күніне орай «Әке шаңырақтың тірегі» атты жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жанұялық спорттық ойынды дамыту, балалардың денсаулықтарын нығайту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында отбасылық спорттық ойын сайысы өтті.
Ойын сайысқа әке мен балалардан құралған төрт топ қатысып, «1001 мақал-101 жұмбақ» мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, «Кім тапқыр?» атты логикалық сұрақтар қойылып, «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық ойын түрлері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, әке жайлы «Әке – ең құрметті ұлы есім» тақырыбында бейнесюжет көрсетіліп, «Әке – асқар тауым» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Шараға тұрақты оқырман және кітапханашы әкелер бақ сынасты.
Қорытындысында, «Тұлпар» тобы үздік деп танылып, дипломмен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
|