Жаңалықтар

«Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

2024 жылдың 1 тамызда Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Әліби Тоқжанұлы Жангелдиннің туғанына 140 жыл толуына орай «Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Әліби Жангелдиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттар беріліп, Әліби Жангелдин кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы екені жайлы да айтылып өтті. Көрме соңында оқушыларға кітапханаға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың құрылу тарихымен, бөлімдерімен, ережелерімен таныстырылып, кітапхана туралы көптеген ақпараттар берілді. Сонымен қатар, балаларға қызықты ойындар ойнатылып, қазақ халқының тарихын дәріптейтін мультфильм көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.08.2024

Sara-Se дауыстап оқитын машинканы үйрету сабағы

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Sara-Se сканерлеп және дауыстап оқитын машинканы қолдануды үйрету сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқырмандарға Sara-Se машинкасының функционалдық міндеттерін, құрылғыдағы әр перне тақтаның қандай қызмет атқаратыны жайлы ақпарат беріліп,құрылғыдағы мәзірдің тілін таңдау,мәтінді оқыту жылдамдығын реттеу, сканерленген беттерді сақтау әдіс-тәсілі үйретілді.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.07.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті

25 шілде күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен - болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру және халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуі, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту. Сайысқа аудан, қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Ескелді ауданы Балпық би атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Бақтыбай Айданақ жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.07.2024

Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Берен талант Бердібек» атты танымдық сағаты өткізілді

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Берен талант Бердібек» атты танымдық сағаты өткізілді Шараның мақсаты: қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысының шығармаларын насихаттау. Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, әр жылдары жарық көрген шығармаларын таныстырып, оқырмандарға автордың «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларын Брайль, жайпақ және аудио нұсқа түрінде жазылған кітаптарды алып оқи алатыны жайлы ақпарат беріп өтті.
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.07.2024

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 шілде күні Талдықорған қаласының №4 «Ясли» бала бақшасына «Әжемнің ертегісі» жобасының аясында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, бүлдіршіндерге ертегі оқылды. Шара барысында бүлдіршін оқырмандар, танымдық ертегілер мен тәрбиелік мәні мол, қазақтың озық салт-санасына бейімдей білетін ертегілермен танысты. Ертегілер - халық даналығының айнасы болып табылатындықтан, ауыз әдебиетінде алатын орны ерекше. Сондықтан да, өскелең ұрпақты, сол салада үлес қосқан жандардың ерен еңбегімен сусындатқан жөн. Осы себептен, іс-шарамыздың құрметті қонағы ретінде, балалар жазушысы - Жұмабала Балақаранова шақырылды. Құрметті қонағымыз, кішкентай оқырмандарға ертегілердің маңызы мен ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, өз туындыларымен таныстырды. Іс-шара маңызды ақпараттар мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.07.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика