Жаңалықтар

Жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда. 6 маусым күні аталған шараға Абай атындағы №1 орта мектеп- гимназиясының 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері А.Абилдаева, С.Байсова, Н.Найманбаева қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашылар Қанабек Ә. мен Ноғайбек Г. «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Менің атым- Қожа» фильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.06.2024

«Табиғатты қорғау – қасиетті іс» атты шара өткізілді

5 маусым күні қаламыздың орталық саябағында табиғатқа қамқорлық көрсету мақсатында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен,бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Табиғатты қорғау – қасиетті іс» атты шара өткізілді. Шара барысында, кітапханашы Қ.Садырбекова қала тұрғындарын кітап көрмесімен таныстырып, табиғатымызды ластамауға оны аялауға шақырды. Шараның мақсаты: Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы екендігін негізге ала отырып, жас ұрпақты туған жердің табиғатын аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік!
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2024

«Мемлекеттік рәміздер ел – мақтанышы» атты танымдық сағат өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ел – мақтанышы» атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты: Аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан –жақты таныстыру, ұлттық рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы Р.Нұрланов кітапхана оқырмандарына Елтаңба, Ту, Әнұранның пайда болу тарихымен бөлісіп, рәміздердің тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді нығайтты.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2024

«Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара бастау алды.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша балалардың жазғы демалысын қызықты, әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында аптасына үш рет өткізілетін «Шуақты жаз» атты жазғы маусымға арналған шара бастау алды. 4 маусым күні Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп- лицейінің 5 сынып оқушылары мен жетекшілері А. Жадырашева және А. Мұратбек қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашылар Қанабек Ә. Мен Ноғайбек Г. «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Менің атым- Қожа» фильмі көрсетілді. Сонымен қатар үстел ойындары да ойнатылды.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2024

«Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті.

2024 жылдың 03 маусым күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті. 4 маусым - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Шараның мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Шараға Абай атындағы № 18 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика