Жаңалықтар

Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды.

2024 жылдың 2 шілдесі күні Көксу ауданында «Андас» шежіре кітабының тұсаукесері өтті. Бабалар рухымен үндесу, ұрпақтарының жүздесуі мақсатында ұйымдастырылған республикалық шарада Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін таныстырды. Жетісу тарихынан басталатын көрме 2006 – 2023 жылдар аралығында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің еңбектері басылып шыққан кітаптардың таныстырылымымен жалғасын тапты. Көрмеге қойылған 172 кітапты кітапханашы Ерден Нұрахмет пен Наргиз Камбаева көпшілік оқырманға таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.07.2024

«Ұлт тірегі – тіл» кітап көрмесі өтті

2024 жылдың 1 шілдесінде Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Тіл сарайында «Ұлт тірегі – тіл» атты кітап көрмесі өтті. Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына, халқына деген мақтаныш сезімін ояту. Оқырмандардың ана тілінің қадір-қасиетін біліп, тілдің, сөздің құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Көрмеге Анар Салқынбайдың «Тіл әлемі» атты кітабы, мектеп оқушыларына арналаған анықтамалық сөздіктер, жасөспірімдерге, жалпы оқырман қауымға арналған – «Сөз мәйегі», Шора Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты кітаптар қойылды. Тіл жанашырларына арналған кітаптар және тағы да басқа мәліметтермен толықты. Шара соңында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының Тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің қызметкерлері өз...
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.07.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Педагог, доцент, филология ғылымдарының магистрі, ақын, фольклортанушы, зерттеуші Нұржан Дәулеткелдіұлы кітапханамыздың қорына «Қазақ фольклорының табиғаты» және «Қазақтың батырлар жыры және оның тарихи тегі» атты барлығы 4 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.06.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.

27 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру және халық шығармасының бұл түрлерін бір – бірінен ажырата білуі, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту. Сайысқа 7 аудан,2 қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Сарқан аудандық Ақын Сара атындағы орта мектебінің 6 «а»сынып оқушысы Жақып Айша Юсуфқызы жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айы өз мәресіне жетіп қалды

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту мақсатында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған іс-шара өз мәресіне жетіп қалды. 26 маусым күні аталған шараға қаламыздың Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің жазғы демалыс лагерінің 6 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға экскурсия жүргізіліп, кітапхана ережесі мен бөлімдері таныстырылды. Сондай-ақ, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, «Cover show» атты караоке бөлімде оқушылар әр түрлі тақырыпта әндер шырқады. Сонымен қатар, лагер оқушылары оқырман билетін алып, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды.
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика