Жаңалықтар

« Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді

26 маусым - Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің» клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде « Есірткісіз болашақ» атты дерек пен дәйек сағаты өткізілді. Шараның мақсаты нашақорлықтың таралу қауіпі туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіру. Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан зағип оқырмандарға зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайтыны: кез келген есірткі улар санатына жататыны және алғашқы минуттан бастап денені уландыратыны, тіпті ең «қарапайым» есірткінің өлімге әкелетін дозасы бірнеше грамм ғана, ал ауыр және синтетикалық есірткілердің өлімге әкелетін дозасы жүздеген есе аз болатыны жайлы, нашақорлықтың негізгі себептері, сондай-ақ есірткіні қолданатын адамда пайда болатын белгілері туралы...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара әліде жалғасын табуда. Шараның мақсаты кішкентай бүлдіршіндердің жан- жақты қызығушылығы мен қабілетін дамыту, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, достық қарым- қатынастарын нығайтуға атсалысу. 25 маусым күні кітапханаға №45 балабақшаның жазғы лагерь бүлдіршіндері мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, «Мен бақытты баламын» атты тақырыпта сурет салу сайысы ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге «Мультландия алаңы» атты бөлімде «Аю мен қояндар» мульфильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.06.2024

«Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті

2024 жылдың 24 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне орай «Ертеңінді ойласаң есірткіге жолама» атты дерек пен дәйек сағаты өтті. Шараға Жетісу облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігері Молдаханов Еркебұлан Серикұлы қатысып, кітапхана ұжымына есірткінің қауіпі жайында ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында қатысушыларға «Есірткі-ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Дулыханова Жанар «Есірткісіз болашақ!» атты кітап көрмесімен таныстырды. Айта кетейік, 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» болып 1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен бекітілген болатын. Нашақорлық – бір сәттік әлсіздік немесе тәуелді болу ғана емес, адамның өмірін құртып, өлімге әкелетін ауру. Ресми статистикаға сәйкес, елімізде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бүгінгі зама...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.06.2024

Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған Бақытқожа Төлегенұлы Рүстемовпен кездесу кеші ұйымдастырылды.

В. Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапханасында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп философ, жазушы, журналист, халықаралық публицист, ақын, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған БақытқожаТөлегенұлыРүстемовпен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның шымылдырығын Талдықорған қалалық орталық кітапханасының директоры Сейтжанова Күлпан ашып, Қазақстанды шетелде таныту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жүрген халық дипломаты БақытқожаРүстемовтың қаламынан шыққан туындылары бүгінгі қазақ әдебиетінің құнды қазынасына айналғандығы туралы айтып берсе, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова өлкетанушы, публицист Азамат Ақылбеков және «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Медет Жұмабай туындыларына пікірлерін білдіріп, шығармашылығына табыс тіледі. Шара қонағы өзінің өмірі мен жарық көрген шығармалары туралы қысқаш...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.06.2024

«Компьютерлік сауаттылық» үйірмесі жалғасуда

Кітапхананың техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесін бөлім меңгерушісі Асель Арапова жоспарға сәйкес презентациялық материалдар дайындауға арналған Microsoft PowerPoint бағдарламасын пайдалана отырып сабақ өткізді. Сабаққа 11 сынып бітіруші № 4 мектептің оқушысы Кеңесқызы Айдана мен № 1 мектептің оқушысы Байбатша Аружан қатысты. Сабақ барысында, Microsoft PowerPoint бағдарламасына түсініктеме беріліліп, жұмыс аймағымен таныстырылды. Бағдарламаның көмегімен әр түрлі конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды дайындауға арналған презентация жасауға және оның дыбысты, мультимедиалық мүмкіндіктерін, әр түрлі шаблондарды пайдалануға болатындығын тәжірибе түрінде көрсетілді. Сонымен қатар, келген оқырмандарға презентацияны интернеттегі басқада сайттармен жасауға болатындығы жайлы айтылып, кеңестер берілді. Үйірме аптаның әр жұмасында, сағат 16.00 ден 17.00 ар...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика