Жаңалықтар

Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR

2024 жылдың 18 маусымында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR форматында іс-шара өтті. Жошы ұлысы – 1224 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға бөліп берген еншісі, Моңғол империясының батыс бөлігіндегі аймақ. Өз кезегінде Жошының ұлы Бату хан Ұлыстың жерін кеңейтіп, Еділ маңы, Орыс, Қара теңізі аймағы мен Кавказды жаулап алған. Осылайша Орта ғасырлық Еуропадағы ең үлкен мемлекеттің негізін қалаған. Қазақ хандығының барлық хандары Жошы тұқымынан тарайды, сондықтан оның Ұлысын қазақ мемлекеттігінің іргетасы болды деп санауға толықтай негіз бар. Шараға Талдықорған қаласындағы №1 және №12 орта мектептің жазғы лагерьдегі оқушылары қатысты. Ашық аспан астындағы «Жошы ұлысы – мемлекеттілігіміздің негізі» атты кітап көрмесінде Жошы ұлысының құрылу тарихын бейнелейтін З.Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», Қ.Нұрм...
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.06.2024

«Шуақты жаз» жалғасын табуда.

18 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты шара өтті. Үшінші апта жалғасын тапқан маусымдық шарада балалардың бос уақытын, жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту зияткерлік-шығармашылық және спорттық-сауықтыру қызметі процесінде олардың қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылып келеді. №1 Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушылары мен сынып жетекшілеріне кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, балалар Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жошы ұлысының жазба мәдениеті» атты OPEN AIR форматында өткен іс-шараға қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шарасы

Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара екінші апта жалғасын табуда. Аталған шара балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келеді. 14 маусым күні кітапханаға № 7 К.Ушинский атындағы орта мектептің жазғы лагерь оқушылары мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалып, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, жоспар бойынша ұйымдастырылған «Әке шаңырақтың тірегі» атты отбасылық ойынын тамашалады.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2024

«Әке шаңырақтың тірегі» отбасылық спорттық ойын сайыс

14 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 18 маусым Әкелер күніне орай «Әке шаңырақтың тірегі» атты жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жанұялық спорттық ойынды дамыту, балалардың денсаулықтарын нығайту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында отбасылық спорттық ойын сайысы өтті. Ойын сайысқа әке мен балалардан құралған төрт топ қатысып, «1001 мақал-101 жұмбақ» мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, «Кім тапқыр?» атты логикалық сұрақтар қойылып, «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық ойын түрлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әке жайлы «Әке – ең құрметті ұлы есім» тақырыбында бейнесюжет көрсетіліп, «Әке – асқар тауым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шараға тұрақты оқырман және кітапханашы әкелер бақ сынасты. Қорытындысында, «Тұлпар» тобы үздік деп танылып, дипломмен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара жалғасын табуда. 13 маусым күні аталған шараға Қ. Қасымов атындағы № 28 IT-лицейі және № 4 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатып, мультиландия алаңында кинофильм көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика