Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын Мұхаметсапа Қауысовтың 70 жасқа толуына орай «Алтын шаңырақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Тұсаукесер рәсіміне Жетісудың көрнекті ақын-жазушылары Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдрахым, Қайрат Бестібаев, Жангелді Немеребай қатысып, мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілек, ізгі ниеттерін жеткізді.
Шара соныңда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өз жалғасын тауып, автор өзінің су жаңа кітабын сыйға тартса, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Бестібаевта акцияға атсалысып өзінің авторлық кітаптарын табыс етті.
|