20 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл» оқу әдістемелік орталығында журналист, жазушы, пусблицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына арналған «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті.
Кештің шымылдығын Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы ашып, мерейтой иесінің ел мен ұлт руханияты жолындағы еселі еңбегін ерекше атап өтті. Бигелді Қайырдосұлының журналистика мен әдебиеттегі, қоғамдық өмірдегі парасатты жолы жас ұрпаққа үлгі екенін тебірене жеткізді.
Кеш аясында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін де қалам иесінің ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін толғана сөз етті. Ол Бигелді Қайырдосұлының шығармашылығындағы шындық пен әділет жолындағы табандылығын, ұлттық мүддеге деген адалдығын жоғары бағалап, бұл...
|