Жаңалықтар

«Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті.

2024 жылдың 03 маусым күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты ақпараттық сағат өтті. 4 маусым - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Шараның мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Шараға Абай атындағы № 18 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.06.2024

«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2024 жылдың 31 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін кітапханашы Жанар Дулыханова таныстырып, көрмеде берілген кітаптардың тарихына тоқталды. Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру мақсатында өткен көрмеге Талдықорған қаласының Авиценна колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.05.2024

«Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашылар және кітапхана оқырмандары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған даңқты жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің ескерткішінің маңына жиналып,тарихи тұлға ескерткішіне гүл қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдарға тоқталып, тарихи деректерге сүйене отыра қазақ халқының саяси қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарындағы көрген қыйыншылықтары жайлы деректерді баяндады.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.05.2024

«Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті. Шараға «Айналайын» балалар үйінің және «Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» білім алушылары арнайы қатысып, оларға «Балалар әлемі – таңғажайып әлем» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Бақжұлдыз» медиа орталығының білім алушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Балаларға арналған мерекелік шарада Көксу ауданының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмабала Балақаранова ізгі тілектерін білдіріп, ұстаз, ақын, балалар жазушысы Нұржан Кәпқызы балаларға арнап шығарға кітаптарының 10 данасын кітапханаға сыйға тартты. Мерекелік шарада «Қызықты сұрақтар әлемі», «Қораптағы сөз», «Фобия», «Саусақ ұшымен сезіну», «Сool dance», «Сиқырлы қылқалам», «Біз бақытты баламыз», «Патш...
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.05.2024

Ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті.

28 маусым күні ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның шығармашылығына арналған өмірінен сыр шертетін «Сәбит Дөнентаев: Бозторғай ақын» атты бейнеролик көрсетілді. Сәбит Дөнентаев өзінің қысқа ғұмырында артына мол мұра тастап кеткен өзіндік ерекшелігі мол ақындардың бірі. Оның шығармалары терең мазмұнды, ойлы, көркемдік қырларымен ерекшеленеді. Ақын поззиясының тілі таза, қарапайым және бейнелі де көркем. Кеш барысында №1 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Тоғжан Ардаққызы қаламгердің өмірі мен шығрамшылығы туралы тереңінен баяндап, оқушылар поэзиялық шеруге қатысып, ақының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Сатиралық өнер шебері» атты кітап көрмесі ұымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Шараға Талдықорған қаласының №1 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика