Жаңалықтар

«Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал»

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, айтыскер ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында «Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ә.Қанабек библиографиялық шолу жүргізді. «Тұла бойы тұнған өнер» атты бейнесюжет көрсетіліп, Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі әншісі, оқытушы «Серпер Одағы сыйлығының» лауреаты Төлеутай Серіков, Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы, дәстүрлі әндердің шығу тарихы мен айту өнері, орындау шеберлігі туралы пайдалы мағлұматтар айтып, Біржан салдың «Теміртас», «Сырғанақ» әндерін нақышына келтіріп орындаса, шәкірттері Мұқажан Еркебұлан мен Разбек Ердәулет, Біржан салдың «Бұрылтай», «Он саусақ» әндерін мәнерлеп орындап, тыңдаушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, ыстық ықыласына бөленді. Шараға №19 М.Жұм...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2024

«Халық жүрегіндегі қаһарман»

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты еске алу кеші өтті. Шара басында «Ердің ері» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты С.Нұрмағамбетовтың өмір жолы, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы бейнесюжет көрсетілді. Еске алу кешіне Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, Жетісу облысы Қарулы күштерінің, Ауған соғысының ардагерлері, Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінің қызметшілері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Әскери кафедра оқытушылары мен курсанттары қатысты. Шара барысында Жетісу облысы Қарулы Күштері ардагерлерінің төрағасы Рахым Кербағақов С.Нұрмағамбетовпен тікелей қарым-қатынаста болған кездегі кейбір қырларына кеңірек тоқталып, оның ерлігі мен табандылығын тереңнен толғауға тырысты. Сондай-ақ, Жетісу облыс...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.04.2024

«Дені сау ұрпақ - ел болашағы»

2024 жылдың 5 сәуір күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 сәуір - Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» атты спорттық сайыс өтті. Аталған шара «Дені саудың- жаны сау» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Келген қатысушылар мен қонақтарға 7 сәуір Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай дайындалған бейнеролик көрсетілді. Шараға колледж студенттері және «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» әдіскері Равиль Хамитов қатысты. Аталған мекеменің қызметкері 7 сәуір - Бүкіл әлемдік денсаулық күні туралы қатысушыларға ақпарат берді. 5 бөлімнен тұратын (арқан тарту, гір көтеру,қол күрес, жеден көтерілу, сан сұраққа саяхат) спорттық сайыста 2 команда бақ сынасты. Сайыс нәтижелерін қортытындылай келе, командалар алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында, ұйымдастырушылар к...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.04.2024

«Денсаулық – зор байлық»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 7 сәуір – Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов тәрбиелік іс-шараның тақырыбына байланысты әңгімені тек денсаулық жөнінде болатынын, денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіретіні жайлы айтып кетті. Біздің бөлімнің тұрақты оқырманы Көпбаева Айгерім денсаулық туралы деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, таза-ауада жүру, спортпен шұғылдану, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі деп өз ойымен бөлісті. Ендеше «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне осында. Дені сау ада...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.04.2024

Жемқорлықсыз қоғам- нұрлы болашақ кепілі»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Жемқорлықсыз қоғам- нұрлы болашақ кепілі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, теріс әсері туралы тереңірек түсіндіру. Шара барысында Жемқорлықтың тамырына балта шабу, айтуға оңай. ал жақсы нәтиже үшін әрбір азамат ізгілікке бет бұрғаны абзал екендігін жемқорлық зиян тигізбесе, пайда әкелмейтіні туралы,түсіндіріліп өтті.Сондай –ақ оқырмандарымыз жемқорлық туралы өз ойларымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу үшін бәріміз бірлесіп жұмыс жасауымыз керек екендігін айтты.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика