2024 жылдың 8 ақпанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Шара барысында «Жазылар естеліктер мен туралы» кітап көрмесі таныстырылып, «Поэзия патшасы» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кездесу кешінде Талдықорған қаласындағы №18, 125, Innoverse және Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық шеру ұйымдастырылды. №18 мектептің кітапханашысы Мария Данабатшақызы ақын шығармашылығы туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар,...
|