Жаңалықтар

«Қазақ ұлттық музыкасының майталманы»

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына орай «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге А.Затаевичтің «Исследования, воспоминания, письма и документы», «1000 песен и кюев казахского народа», «500 казахских песен и кюев» атты кітаптары қойылса, композитор туралы жазылған «Бабалар сөзі», «Қазақ өнерінің тарихы», Ғ.Ахмедовтың «Алаш Алаш болғанда» т.б. қаламгерлердің жазған кітаптары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесі кітапхана келген оқырмандарға таныстырылып, 4 кітап қолға берілді.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.03.2024

«Кедергісіз болашақ»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында, Брайль қарпін тақтайшаға тізу сабағы өтті. Сабақ барысында кітапханашы С.Ахметов арнайы алты позициадан тұратын ұяшыққа орналастырылған Брайль алфавитін меңгеруге көмектесетін тақтайшаны қолдану әдісін үйретті
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.03.2024

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сай 20 наурыз «Ұлттық спорт» күніне орай Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының және Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 5-ші сынып оқушылары арасында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұлттық ойыннан жарыс өтті. Ойын-сайысы ІІ-кезең бойынша өтті. І-кезеңде «Салт-дәстүр бекеті» тақырыбы бойынша экраннан қазақ халқының көнеден келе жатқан мейрамдары, қазақтың киіз үйі, қазақша ай аттары, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, ұлттық музыкалық аспаптары, қазақ халқының ұлттық сувенирлері туралы сұрақтар қойылып, артынан дұрыс жауаптары көрсетілді. II-кезеңде «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбымен ұлттық ойыннан: асық ату, арқан тарту, тақия тастамақ, қол күресі, гір көтеру, қара жорға биінен жарыс ұйымдастырылды. Топтар арасынан оза шауып алдыға шыққан «Қыран-2» тобы Ш.Уәлих...
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.03.2024

«Жетісу кітап керуені» Ақсу ауданы

19 наурыз - Жетісу облысы С.Сейфулин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен басталған «Жетісу-кітап керуені» жобасын жалғастыру мақсатында Ақсу аудандық кітапханасы жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын таныту мақсатында 50 ге жуық кітаптарды жинақтап Қаратал аудандық кітапханасына жол тартты. Аталған акцияға Ақсу аудандық кітапханасының директоры Дуйсекова Эльмира Жумагазиевна бастаған кітапхана ұжымы үлес қосуға аттанды. Шара барысында Қаратал аудандық кітапханасы 50 кітапты қабыл алып, Ақсу аудандық кітапханасына жергілікті жазушыларының 40 данаға жуық көрнекті шығармаларын сыйға тартты.
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.03.2024

«Ұлт діңгегі - ұлттық киім »

18 наурыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлт діңгегі - ұлттық киім » атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Талдықорған қаласының № 4, № 5 орта мектептің оқушылары, INNOVERS SCHOOL және Жетісу облысы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева қатысушыларды ұлттық киім күнімен құттықтады. Іс-шараның мақсаты — кітап арқылы қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау, қазақтың киім кию үлгісін жаңғырту болып табылды. Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің бөлім меңгерушісі Ғалия Ешенова қазақ халқының киім үлгілерінен тұратын фото-галереяда ұлттық киімдердің түрлері, маңыздылығы, олардың жасалу жолы, киетін мезгілі туралы ақпарат берсе, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әлия Қанабек «Әз Наурыз» көрмесіндегі «Ұлттық киім &nd...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика