Жаңалықтар

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, ақын Кенжехан Рақыш кітапханамыздың қорына «Соңғы сөз - соңғы кітап», барлығы 40 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.02.2025

Орта ғасырдағы қазақ ғалымы, тұңғыш тарихшы, белгілі би Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында «Тарихи тұлғалар. Қадырғали Жалаири» атты бейнеролик көрсетіліп, «Қадырғали Жалаири – тарихи тұлға» атты кітап көрмесімен кітапханашы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді. Қадырғали Жалаири — қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, ғылыми мұрасы мен шығармашылық еңбегі арқылы ұрпаққа өнеге қалдырған тарихи тұлға. Оның еңбектері бүгінгі күні де үлкен маңызға ие. Жалаири тарихы қазақ халқының ұлы өткенін түсінуге жол ашып, халықтың мәдениетіне, дәстүріне деген құрметті арттырады. Шараға Талдықорған қаласының тұрғыны қазыналы қария, тарихшы, өлкетанушы Қадырғали Жалаириды зерттеуші Құлтай Нұрқалбайұлы «Қадырғали би Жалаири – қазақ тарихының Геродоты» атты баяндама оқып, өзінің Қадырғали Жалаири туралы жазған кітаптарын оқушыларға с...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.02.2025

«Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпараттық сағаты өтті.

18 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Дулыханова Жанар «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесімен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат дерт» атты бейнеролик көрсетілді. Жалпы жемқорлықтың қоғамға зияны туралы, оның пайда болу жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру арқылысыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығына тоқталып, күнделікті өмірдегі кездейсоқтық оқиғаларда тығырықтан шығу жолдарын мысалға келтіре отырып, сұрақ - жауап арқылы оқырмандармен ой бөлісті. Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғамның әрбір мүшесінің міндеті ретінде көрсету, сондай-ақ жастар арасында осы мәселенің маңыздылығын түсіндіру болды. Шараға Талдықорған политехникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.02.2025

Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамытуы бойынша сабақ

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында арнайы тақтайшаның көмегімен Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамыту бойынша сабақ өткізілді. Сабақты бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар жүргізді. Сабақ барысында қатысушы Искаков Қанатхан Брайль әліпбиінің негізгі принциптерімен танысып, арнайы тактильді тақтайша арқылы әріптерді оқып, қолмен жазу тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, грифель мен арнайы қағазды пайдалана отырып, өз бетінше мәтін жазу дағдыларын жетілдірді. Бұл сабақ зағип және нашар көретін азаматтардың коммуникативтік мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың тәуелсіздігін арттыруға және қоғамға бейімделуіне бағытталады.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.02.2025

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрилә Бектемірованың 75 жасқа толуына орай «Жан дүниенің жарқын әлемі» атты кездесу кеші өтті.

15 ақпан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрилә Бектемірованың 75 жасқа толуына орай «Жан дүниенің жарқын әлемі» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында Нұрилә Бектемірованың өмірі жайлы «Шығармашылықтың дара жолы» атты бейнеролик таныстырылды. Шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, журналист,Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, Көксу аудандық әкімі аппаратының жетекшісі Жанар Кубеева мен Еңбек ардагері, ұстаз Аңсабала Балабекова және Жетісулық ақын-жазушылар қатыстып, жылы лебіздерін білдірді. Шарада Нұрилә Бектемірованың «Өмірдің өзгермейтін жұмбағы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағыны...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.02.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика