2023 жылдың 23 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айгүл Жұмаділмен «Жан ішінде жарық нұр» атты кездесу кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында ақынның «Жан ішінде жарық нұр» атты кітабының тұсауы кесіліп, шығармашылығы насихатталды. Ақынның өлеңдері оқылып, поэзия әлеміндегі жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, ақынмен ашық диалог орнатты.
Аталған іс-шараға көрнекті ақын-жазушылар Бақыт Беделхан, Қанағат Әбілқайыр, Қанат Әбілқайыр, Есболат Айдабосын, Жангелді Немеребай, Нұргүл Маулина мен аудармашы Шынар Әбілда, әнші Гүлмира Асылхан қатысып, ақын шығармашылығы туралы кеңінен толғап өтті.
Шара соңында әнші Гүлмира Асылханның орындауындағы Айгүл Жұмаділдің өзінің сөзіне жазылған «Қазақпын» атты әні орындалды.
|