Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру, балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы өтті.
Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 16 оқушысы қатысып бақ сынасты.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
І кезеңде «Эссе» жазу яғни, алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына берді.
ІІ кезеңде «Портретті біліңіз» тапсырмасында, экраннан ұяшықтарды тандай отырып, ұяшықта жасырылған белгілі жазушылардың аты-жөнін суреті бойынша тауып, жауабын қазылар алқасына ұсынды.
ІІІ кезеңде «Әрі қарай, әрі қарай…» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды.
Байқауға «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің», «Тілдерді дамыту жөнін...
|