Жаңалықтар

«Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» ақпарат сағаты өтті.

облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан 5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні туралы кеңінен мағлұмат беріп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ол қатысушыларды бөлімде көрсетілетін қызмет түрлерімен, зағип және нашар көретін жандарға арналған ақпараттық ресурстармен таныстырды. Айта кетейік, жыл сайын 5 мамырда әлемдік қауымдастық Мүгедектердің құқықтары үшін күрестің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл күн алғаш рет 1992 жылы Еуропаның 17 елінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулері бар адамдарды кемсітуге қарсы, олардың тең құқықтарын қорғау мақсатында қоғамдық шаралар өткізу арқылы бастау алған.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.05.2025

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнне орай «Бейбітшілік ел тілегі» атты кездесу кеші өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бейбітшілік ел тілегі» атты мерекелік кеші өтті. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында: «Бірлік пен бейбітшілік-біздің негізгі құндылықтарымыздың бірі. Бұл біз болашақта да ұстанатын мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасы» деп атап өтті. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын айта кету керек. Шараның шымылдығын кітапхана директорының орынбасары Мадина Баймендинова ашып, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналғанын айта кетті. Мерекелік шарада сөз алған «Полония» Талдықорған өңірлік поляк мәдени-ағарту қоғамының...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2025

«Абақтың тарихи шежіресі» тұлғатану сағаты

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Жетісу өңірінің көрнекті тұлғаларының бірі – атақты би Сайымбелекұлы Абақтың туғанына 235 жыл толуына орай «Абақтың тарихи шежіресі» атты тұлғатану сағаты өткізілді. Тұлғатану сағатын бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізді. Ол Абақ бидің өмір жолы, ел ішіндегі беделі, билік айтқандағы даналығы мен шешендік өнері туралы тың деректерді оқырмандарға баяндап берді. Сонымен қатар, оның ұрпақтарына қалдырған рухани мұрасы мен ел ішіндегі орны жайлы кеңінен мәлімет ұсынылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар Абақ би туралы бұрын-соңды естімеген деректермен танысып, өз ойларымен бөлісті. Шара мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2025

Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өткізілді. Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сәбит Мұқанов – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері. Оның шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихи оқиғалар мен заман тынысы кеңінен көрініс табады. Іс-шара барысында жазушының еңбектері, атап айтқанда «Ботагөз», «Сұлушаш», «Аққан жұлдыз» романдары мен өмірбаяндық жазбалары жөнінде мағлұматтар беріліп, қатысушылар оның шығармаларынан үзінділер тыңдады.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2025

«Кітап – ғасырлар шежіресі» атты кітап фестивалі өтті

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітап – ғасырлар шежіресі» атты кітап фестивалі өтті. Айта кетейік, 2024 жылдың 9 шілдесінде Үкімет қаулысымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып ресми түрде бекітілген еді. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай сессиясында қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде берген тапсырмасына орай жүзеге асқан болатын. Ұлттық кітап күні – халықты кітап оқуға ынталандыру, жастардың әдебиетке деген құштарлығын ояту және ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау мақсатында ерекше маңызға ие. Салтанатты шараның шымылдығын кітапхана директоры Самал Шаяхметова ашып, барша жиналған қауымды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, бұл күннің рухани маңызы мен кітаптың қоғамдағы орнын атап өтті. Мереке барысында Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары кітапқа арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, шараның мазм...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика