Жаңалықтар

Кедергісіз болашақ аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпін компьютерде теру сабағы өтті. Сабақ барысында Арнайы экрандық және дауыстық қосымша «Jaws for windows» және Брайль дисплейі туралы ақпарат берілді. Қатысушы Смагулова Шырынгуль компьютерде файл ашу, сақтау, редакциялау сияқты арнайы командаларды қолдануды үйренді.Сондай-ақ өзі мәтін теріп, оны дауыстық қосымша арқылы тексерді.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.01.2025

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат.

14 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы тұлғаның өнердегі орны» атты ақпараттық сағат өтті. Болашақ өнер қайраткерінің бала кездегі арманы тек оқу болды. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа – тұс келуі, тағдыр ол кісіні ерте есейтті. 1950 жылы Алматыдағы өнер институтына түсіп, еңбек жолы сол оқу ордасынан бастау алған өнер қайраткері зиялы қауымдардың ортасында шыңдалып тұлға болып қалыптасты. Шара барысында өнер қайраткері Жексенбек Еркінбековтің өмір өткелдеріндегі еліне, халқына қалтқысыз адал еңбегімен еленуі, зияткерлігі жайлы «Тау тұлғалы қайраткер» атты баяндама арқылы оқырмандарға толық ақпарат берілді. Қайраткер қандай жетістікке жетсе де халқын өзінен жоғары қоя білді. Ол кісінің нағыз кемелденген шағы 1970-1980 жылдардағы атқарған мәдениет министрі болып қызмет атқарған кезеңдер болды. Осы жылдарда халықтың игілігіне а...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.01.2025

«Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Мырза-Әлі Қадыр, Қазақстанның халық жазушысының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиет зерттеушісі Мырза-Әлі Қадырдың шығармашылығына арналды. Ақынның әдеби мұрасы, оның поэзиясындағы терең ой мен ұлттың рухани байлығын дәріптеудегі рөлі туралы сөз қозғалды. Қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның еңбектерінен үзінділер оқылды. Шараның мақсаты — зағип және нашар көретін азаматтар үшін әдебиет әлемін ашып, олардың мәдени дамуына ықпал ету. Іс-шараға қатысушылар әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, ақынның шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасымен танысты. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Мырза-Әлі Қадыраның шығармалары мен оның әдеби мұрасы туралы басқа да материалдар ұсынылды.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2025

«Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 желтоқсан күні Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Шара барысында оқушыларға Мұстафа Шоқай туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында сұрақ-жауап қойылып, «Дәуір даналары.Мұстафа Шоқай» атты деректі фильм көрсетілді. Дөңгелек үстелге №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Орманбеков Еламан Серікұлы мен 9 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті

қырман арасында Көксу ауданыныыЖетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Балалар әдебиетімен - болашаққа» жобасы аясындағы «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау жыл бойы 4, 5, 6 сынып оқушылары арасында өткізілді. 25 желтоқсан күні өткен қорытынды сайыста 4 сынып арасында: I - орынды Сайлаубер Ерсұлтан – Ескелді ауданы, II - орынды Бақтыбай Айданақ – Ескелді ауданы, III – орынды Қалиоллаұлы Ермұхан – Ескелді ауданы, 5 сынып арасында: I - орынды Кентай Дарын – Алакөл ауданы, II - орынды Тағлым Айару - Панфилов ауданы, III – орынды Даутхан Елдана – Панфилов ауданы, 6 сынып арасында: I - орынды Қасымбай Тілеужан - Көксу ауданы, II - орынды Манап Ақтамберді – Панфилов ауданы, III – орынды Жақып Айша – Сарқан ауданы иеленді. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика