Дөнентаев Сәбит – қазақ ақыны, сатирик, публицист, туғанына 130 жыл (1894-1933)

Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі... Өмірбаяны 1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін[1]. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған. 1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады. Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш қаласы деп атайды. Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да оқып бітіреді. Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген. Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді. 1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған. Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан. Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар облысының Құркөл ауылында туған. Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырдың 23 қайтыс болған. Шығармашылығы Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi. 1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан. 1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды. Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы. Сәбит зерттеген Абай шығармалары Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген ақындардың бірі. «Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады: «Қараңғыда туып ең, Қара бетті жуып ең. Таба қылмай дұшпанға, Қолға ұстаған туымыз, Қанат-құйрық, бойымыз. Қонғанда да ұшқанда. Құрмет етіп затыңды, Бетке ұстаймыз атыңды...» Тұтастай алғанда бұл өлеңнен Сәбиттің Абай поэзиясының идеялық бағытын, әлеуметтік сырын дұрыс бағдарлағанын кереміз. Сонымен бірге Сәбиттің Абайдан тікелей үйренгендігінің де айғағы, яғни бұл елең Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде, соның өлшемін, ұйқас түрін сақтап жазылғандығы даусыз. Тек бүл емес, «Атылғандарға», «Жүрекке», «Ескі болыстың тәубасы», «Темірге», «Ерікті Айша», «Кемшілікте», «Бір жыл етті» тәрізді және басқа да көптеген өлеңдерін Сәбит Абай поэзиясындағы әр алуан формаларды пайдалана отырып жазған. Мысалы, «Кемшілікте» деген өлеңінің ұйқасы мынадай: «Тағдырда жазған соң алла, Мен түстім мынадай халға... Етерлік жәрдемің бар ма, Жақындап, жанассаң нетер? Талай күн жүріп ек бірге, Талай бір кіріп ек түрге, Тұрғанда мен мұндай күйде, Қайырылып қарасаң нетер?..» Мұнда әр шумақтың алғашқы үш жолы қатарынан ұйқасып, сол шумақтардың соңғы, төртінші жолдары бірыңғай үйлеседі. Бұл - «Білімдіден шыққан сөз...» деп басталатын өлеңінің негізгі шумақтарында Абай қолданған ұйқастың үлгісі. Сәбит осындай ұйқасты 11 буынды қара өлеңге де пайдаланған («Балалық» т. б.). Абай бірсыпыра өлеңдерінде («Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» т. б.) белгілі бір ұйқас жүйесін өлеңнің ұзына бойына дерлік сақтап отырады. Осындай тәсілді «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап» атты өлеңдерінде Сәбит те бекем ұсынады. Сол сияқты, соңғы өлеңдегі дыбыс үндестігі айрықша күшті. Мұнда өлеңнің әр жолы ғана емес, әр сөзі бірыңғай дыбыстан басталады: «Қамалған қараңғыда қалың қазақ, Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ. Қарулап қуатсызды қуаттандыр, Құрдан-құр қампайтқанша қарын, қазақ. Қулардың құлқынына құм құйылсын, Қайдағы құлдың қайғырт қамын, қазақ. Қайтеді қайырылыссаң қарындасқа Қасармай қыңырайып қырын қарап...» Ақын «қазақ», «қараңғылық», «қу» тәрізді сөздерге айрықша назар аудару үшін осылай еткен тәрізді. Әрине, түр алуандығын, дыбыс үндестігін қуалап кетушілік те жоқ емес. Сонымен бірге осы тәсілдің төркіні Абайдың «Самородный сары алтын» немесе «Жайнаған туың жығылмай...» деп келетін өлеңдерінде жатқандығы да күдік туғызбасқа керек. Сондай-ақ, ақынның өлең ырғағын, ұйқасын қиыстырып құруда жаңалық табуға ұмтылған талаптары да болды. Мұны «Жүрекке», «Күздің сыры» тәрізді өлеңінен байқаймыз. Мысалы, соңғы елеңде әр шумақ бес жолдан тұрады да, ұйқас түрлері мынадай болып келеді: «Ызыңдаған, шулаған, Қыбырлаған, дулаған. Таңнан іңір басқанша Минут тыныс қылмаған. Ұсақ жәндік жоғалып, Ыссы еткен табаннан. Тыныш кеткен адамнан, Сахара түр дем алып, Күйіне келіп таралған, Қызметін бөліп доғарып». Мұнда әр шумақтың үш жолы өзара ұйқасып келеді де, әрбір қос шумақтың соңғы жолдары үйлесім табады. Дөнентаев поэзиясының өзіндік бір ерекшелігі юморлық бағытына, сатиралық өткірлігіне байланысты. Ол революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде Абай мен Сұлтанмахмұттан кейінгі ірі сатирик ақын болып табылады.[2]
Толығырақ... Оқылды: 79 Уақыты: 24.05.2024

Жансүгіров Ілияс – көрнекті ақын, қоғам қайраткері, туғанына 130 жыл (1894 – 1938)

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 26 ақпан 1938 жыл) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы. ​Қысқаша өмірбаяны Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.[1] 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады. 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі. 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады. 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді. 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі. 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды. 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды Еңбектері Көп томдық шығармалар жинағынан томдар (6 және 7). Бұл томдарға өтірік өлеңдері, аудармалары енді. Алматы, Қазығұрт, 2006. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды. Жансүгіров-Жандосовтар отбасы архивінен алынған сурет: Максим Горький, Фатима Ғабитова және Ілияс Жансүгіров. Мәскеуде КСРО жазушыларының съезінде болған кезінде М.Горькиймен оның саяжайында кездесу өтті. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді. Библиография 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері. 1923 жылы - «Байшұбар». 1926 жылы - «Балаларға тарту». 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы. 1929 жылы - «Күй» поэмасы. 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы. 1934 жылы - «Күйші» поэмасы. 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы. 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы. Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.[3] Поэмалары «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды. "Күй" - 1929 жылы жазылған. "Күйші" - 1934 жылы жазылған. "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды. "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді. "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген. "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған. "Байкал" - 1937 жылы жазылған. "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды. "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды. "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған. "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды. "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған. "Жорық" - 1935 жылы жазылған.[4] Лирикалық өлеңдері - "Әнші апама" (1909) - "Күзгі гүлге" (1912) - "Тілек" (1912) 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер "Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920), 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер "Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924). 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер "Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926), "Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930), 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер "Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936). Сатиралары "Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928). Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. Отбасы Ол 4 рет үйленді. Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)[5] Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті. Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды. Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады. Жансүгіров отбасы Фатима Ғабитовадан туған балалары: Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер. Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті. Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург. Фатима Төребаевадан туған балалары: Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты. Асырап алған балалары: Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды. Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты. Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог. Қазақ әдебиетіндегі орны Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
Толығырақ... Оқылды: 73 Уақыты: 14.05.2024

Тынышбаев Мұхамеджан – қоғам қайраткері, тарихшы, туғанына 145 жыл (1879-1937)

Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. Биография Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан[1]. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген. Ресейде болған жылдары XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты. Мысалы, 1905 жылы Ресей, Әлихан Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесті жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды. Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады . Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды. Мұхаметжан Тынышбайұлы Темір жолда жұмыс істеуі М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады. Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды). Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инжепері болып қызмет атқарды. Осы шақта инженер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіне салып тұратынын айтады. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады. thumb|left Тынышбайұлы жазған мақалалары Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді. М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді. 1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді. Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады: саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды; маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды; публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті; тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді. Түркістан-Сібірдегі қызметі 1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.[2] 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген. 1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады. Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады. 1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді. Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді. 1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын. Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқының, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиындарда сөз сөйлейді. Осындай бір жиында 1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар одағының 1 съезінде ол баяндама жасайды. Онда ол былай өткір сөйлепті: Қазақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, … қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, …ежелгі атақонысынан айыру… қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?! Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі, әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша «еркіндікшіл» Дума таратылып, қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен тынады. ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер болып қызмет істейді. 1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады. 1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі. Сол жылғы желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды. Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады. 1911-1918 жылдары темір жолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер болып қызмет атқарды. Одан кейін Жетісу темір жол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды. 1917 жылы шілдеде өткен Жалпы қазақтық съезде Жетісу облысынан Бүкілресейлік Құрыл­тай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. 1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады. 1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарады. Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді. 1924 жылдан бастап қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУде оқытушы болды. 1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады. 1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады. 1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты. Бір жолы қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Осы кітаптағы ұлттың намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын зерттеп, жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады. Осы жолда Мұхаметжан Тынышбайүлының 1926-1927 жылдарда жазған еңбектері: "Материалы по истории киргиз-казахского народа", "Киргиз-казахи в XVII-XVIII веках", "Ақтабан шұбырынды" және тағы басқалар. Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады. 1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді. Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесін­де "Халық жауы" деген желеумен атылады. 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты
Толығырақ... Оқылды: 73 Уақыты: 12.05.2024

Марғұлан Әлкей – Қазақ ССР академигі, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, туғанына 120 жыл (1904-198

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. Өмірбаяны Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды. Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Осы жылдары ол М.О.Әуезовпен‚ М.Жұмабаевпен танысты. Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) қаласындағы Шығыстану институтының түркiтану және тарих-филология факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды. Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Әлкей 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады. Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстан археологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi. 1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды. Осы жылдары Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. Кемел Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды. Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыстың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады: бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.); қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға); сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәттiқара, Майлықожа, т.б.); Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.). Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты монографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты. 1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Мұхтар Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды. 1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады. Еңбектері Әлкей Хақанұлы Марғұланның 100 жылдығына арналып шығарылған почталық марка Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ғылым академиясының Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған. Шығармалары Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана, А.-А., 1950; Открытие новых памятников культуры эпохи бронзы Центрального Казахстана, А.-А., 1966; До исламская архитектура Казахстана, М., 1968; Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, А.-А., 1979; Ежелгi жыр аңыздар, А., 1985; Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986–90;
Толығырақ... Оқылды: 53 Уақыты: 11.05.2024

Жиенбаев Сағи – ақын, туғанына 90 жыл (1934-1994)

Сағи Жиенбаев(5.5.1934,Ақтөбе облысыБайғанин ауданыОймауытауылы —1994,Алматы) —ақын. Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955). 1956 — 1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі, 1965 — 1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді. Шығармашылығы 1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан. “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың “Сыйлық” (1960) “Қыр гүлі” (1966) “Сырлы теңіз” (1963) “Қайырлы таң” (1966) “Ақ толқын” (1967) “Сол бір көктем есімде” (1969) “Алтын қалам” (1971) “Жадымдасың, жас күнім” (1972) “Әлия” (1973) “Оймауыт” (1975) “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты. Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің: “Махамбет” “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы. Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.
Толығырақ... Оқылды: 60 Уақыты: 05.05.2024

Әубәкіров Оспанхан – ақын, жазушы, сатирик туғанына 90 жыл (1934-1986)

Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы. Оқыған жері Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Еңбегі Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.[1] Жетістігі 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Шығармалары Қоңырау. Сурет-кітапша. А., ҚМ КӨБ, 1961; Бытбылдық. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1962; Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963; Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964; Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971; Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973; Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978; Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979; Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983; Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.
Толығырақ... Оқылды: 54 Уақыты: 04.05.2024

Есдәулет Ұлықбек – ақын, журналист, 70 жаста (1954)

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет(29 сәуір1954 жылШығыс Қазақстан облысыЗайсан ауданыҮлкен Қараталауылы) — қазақстандықақын,журналист.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстанның мемлекеттік сыйлығыныңжәнеҚазақстан Ленин комсомолы сыйлығыныңиегері,ҚР жазушылар Одағының төрағасы. Әке-шешесі Әкесі -Есдәулетов Оразбай(1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған. Анасы -Салықбаева Роза Сейітжанқызы(1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы. Білімі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977)журналистмамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеуқаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Қызмет жолы 1971 жылдан -Шығыс Қазақстан облыстықгазетінің корректоры. 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - «Жазушы»баспасының редакторы (Алматы қаласы). 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы. 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі. 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы. 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі. 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының басредакторы. 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы. 2018 жылдың 12 наурызынан бастапҚазақстан жазушылар Одағының төрағасы.
Толығырақ... Оқылды: 27 Уақыты: 29.04.2024

Молдағұлова Әлия – Кеңес Одағының Батыры, туғанына 100 жыл (1924 -1944)

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.
Толығырақ... Оқылды: 37 Уақыты: 20.04.2024

Сәтпаев Қаныш – ғалым атақты геолог және металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті, туғаны

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Балалық шағы және білім алуы Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан[2][3]. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады. 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов. Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. 1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты. Атқарған қызметі 1920-1941 жылдары — Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. 1947 жылы — Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті. Ғылым жолында Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.[4] Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сәтбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар. Еңбектері Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған. Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына өз көмегін көрсеткен.
Толығырақ... Оқылды: 30 Уақыты: 12.04.2024

Салғарин Қойшықара – жазушы, тарихшы, этнографтуғанына 85 жас 1939

Қойшығара Салғарин (01.04.1939, Көкалат ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы) - жазушы. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген. 1964—1965 жж. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965 — 1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971 — 1975 жж. Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975—1990 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990—1993 жж. Әдебиет және өнер институтына қызметкер. 1993-1997 жж. ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тар-мақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды. «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Шығармалары Ілгешек. Сықақ өлеңдері. А., «Жазушы», 1966; Сол бір күндер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Үбедей. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Соқпақ жолға бастайды. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Тағдырлар тоғысы. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984
Толығырақ... Оқылды: 36 Уақыты: 01.04.2024

Кәрменов Жәнібек – әнші, жазушы, туғанына 75 жыл (1949-1992)

Кәрменов Жәнібек (22 наурыз 1949 жылы, Қарауыл ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 22 маусым, 1992 жылы, Алматы) – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист (1990). Өмірбаяны Арғын тайпасының Тобықты руының Бөкенші бөлімінен шыққан. Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков), және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. “Өнер” баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне берілген.
Толығырақ... Оқылды: 37 Уақыты: 22.03.2024

Әлімбекұлы Толымбек – сатирик ақын, 70 жаста (1954)

Толымбек Әлімбекұлы(18.3. 1954,Жуалы ауданыШақпақ ата ауылы) – сатирик,Қазақстан жазушылар одағының,Қазақстан журналистер одағыныңмүшесі. Қазіргі Әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетініңжурналистика факультетін бітірген (1974). 1974 – 89 ж. Жамбыл ауданы «Шұғыла – Радуга», облысы «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол»), газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі.Қордай ауданы«Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» (қазіргі «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк») газеті редакциясында редактор, «Ара-Шмель» сатиралық журналында бөлім меңгерушісі, Қазақ теледидарында бас редактор қызметін атқарды. «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О, несі-ей?», «Когда солнце смеется» секілді жинақтарға сатиралық өлең-әңгімелері енген. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімаланған комедиялары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық дра­ма театрында қойылды.[1]1997 ж. «Ләм-мим» деп аталатын әңгімелер жинағы жарық көрді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Толығырақ... Оқылды: 46 Уақыты: 18.03.2024

Найманбаев Қалдарбек – жазушы, туғанына 85 жыл (1939-2004)

Қалдарбек Найманбаев (16.3.1939, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Асықата ауылы – 22.9.2004, Алматы) – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Өмірбаяны ҚазМУ-ды бітірген (1961). 1960 – 92 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”) журналында бас редактор (1970 – 76), авторлық құқық жөніндегі агенттік басшысы (1986 – 87), “Ара – Шмель” журналының бас редакторы (1987 – 88), “Жазушы” баспасының директоры (1988 – 92), Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1991) болды. 1992 жылдан өмірінің соңына дейін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының 1-орынбасары қызметін атқарды. Алғашқы повестер мен әңгімелер жинағы 1965 ж. “Даңқ тұғырында” деген атпен жарияланды. “Біз сені күтеміз, Гүлзат” (1986), “Домалақ арыз” (1987), “Жаңа жыл алдында” (1988) атты пьсалары респ. және облысы театрлар сахнасында қойылды. Ол “Көктөбе”, “От пен ойын” романдарында жекелеген адамдар қарым-қатынасы арқылы қоғамдық қайшылықтар сырын ашуға әрекет жасайды.
Толығырақ... Оқылды: 45 Уақыты: 16.03.2024

Аймауытов Жүсіпбек – жазушы, драматург, туғанына 135 жыл (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.
Толығырақ... Оқылды: 38 Уақыты: 08.03.2024

Өмірзақова Әмина – театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық әртісі, туғанына 105 жыл (1919-2006

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматыда) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Халық артисі (1965), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист. Толығырақ Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. 1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. 1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының актрисасы 1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында 1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды. Шығырмашылығы Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2] Кино Әмина Өмірзақова киноға 1938 жылы Ленинград институтында студент болып жүрген кезден бастап түсе бастады. Оның алғашқы түскен фильмдері "Комсомольск", "Амангелді", "Алыптың әні", "Ақ раушан". Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл - 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың рөлі. Осы рөл арқылы ол қазақ кинематографиясының элитасы қатарына кірді. 1945-1963 жылдар аралығында "Жамбыл", "Қыз жігіт", "Қанатты сый", "Әрі қалжың әрі шын" фильмдеріне түсіп, атақ–даңқ жинады. 1964 жылы Анатолий Карповтың "Ана туралы жыр" фильмі экран бетіне шықты. Бұл фильмде Әмина Ерғожаевна ұлының майданда қаза тапқаны жайлы есірткен, бірақ бар қайғыға төтеп берген ананың рөлін сомдады. Кейіпкер оқу–жазу білмейді. Майданда болып жатқанның барлығынан хабардар болідың жалғыз тәсілі осы болғандықтан, өз бетімен оқуды үйреніп алады да почтальон болып жұмыс үстейді. Ол бірнеше рет басқа аналарға қайғылы хабар жеткізсе де, оларға сүйеу болып, көмек қолын созады. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде "ең жақсы әйел рөлі" сыйлығын, К. Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды. "Ана туралы жырдан" соң 1968 жылға дейін "Ең тілалғыш", "Мың шақырым саяхат" картиналарында басты да, екінші реттік рөлдерді сомдап жүрді. Сондай–ақ, "Алдар–көсе" бейнефильмінде эпизодтық рөлде ойнады. 1968 жылы Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" комедиялық фильмі жарық көрді. Бұнда Әмина Ерғожаевна Тана атты ананың бейнесін сомдады. Бүкіл фильм бойы ол өзінің Тайлақ атты ұлына қалыңдық іздеумен болады. Бұл рөлдің қызығы, актрисса едәуір жас болса да, өзінен бірнеше есе үлкен кейіпкерді ойнады. Сондай–ақ, өзге рөлдерінен ерекшелігі—көңілді кейіпкерді сомдауы. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды. "Тақиялы періштеден" соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі "Мама Роза" картинасы. Бұл фильмде ол қара нәсілді баланың өгей анасы бейнесін сомдады. Актриссаның кейіпкері — шейіттей баланың тәрбиесін қолына ойда жоқта алған, жасы келген адам. Ойнаған рөлі үшін "Шоқжұлдыз" кинофестивальінің лауреаты атанды. Бүкіл карьерасында Әмина Өмірзақова көп рөлде ойнады. Десе де, "Ана туралы жыр", "Тақиялы періште", "Жұлдызыңды сақта", "Мама Роза" картиналарында ойнаған ана рөлдері нағыз қазақ анасының бейнесін айқын көрсетті. 1996 жылы ұлының бастама фильмі "Аминада" өз–өзін сомдады. Фильмографиясы 1938 - Амангелді - эпизод 1938 - Комсомольск - эпизод 1942 - Алыптың әні - эпизод 1943 - Ақ раушан - эпизод 1945 - Абай әндері - Ажар 1952 - Жамбыл - эпизод 1955 - Қыз-жігіт - эпизод 1956 - Қанатты сый - мұғалім 1960 - Бір ауданда - Айша 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - жас жұбайлардың біреуі 1963 - Ана туралы аңыз - ана 1964 - Алдар көсе - эпизод 1965 - Ең тілалғыш - Күлсін 1966 - Ата-бабалар жері - эпизод 1966 - Менің арманым - Сапардың анасы 1968 - Тақиялы періште - Тана 1968 - Мың шақырымдық жол - Сарларбектің анасы 1968 - Әркімнің өз жолы бар - Бұрұлша 1969 - Найзатас бөктерінде - эпизод 1970 - Шыжыған күннің астында - Айша 1971 - Ыстықкөлдің қызғалдақтары - Кемпір 1972 - Арман асуы - Тайырдың анасы 1972 - Үлкен өзгеріс - эпизод 1972 - Ең әдемі қайықтар - Туар 1973 - Гулька - эпизод 1974 - Бәйшешектер - Бадиға Осланқызы 1974 - Бұлақ - эпизод 1975 - Гауһартас - Тастанның анасы 1977 - Тұз бен нан - бәйбіше 1978 - Қара таулардың қазынасы - Марзияның анасы 1978 - Раушан - эпизод 1979 - Нанның дәмі - қарт шаруа әйел 1980 - Ебелек - Жамиля 1981 - Қыршың өмір, қиылған сүю - эпизод 1982 - Ақ бақсы - Еккі 1982 - Өрнек - ана 1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан - Еркенже әже 1986 - Пантераның үш қарғуы - Әсияның әжесі 1991 - Роза ана - Роза ана 1996 - Әмина - камео 1996 - Шанхай - Әмина Мемлекеттік марапаттары 1958 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі 1965 жылы Қазақ КСР халық артисі 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері КСРО-ның жоғарғы марапаты "Еңбек Қызыл Ту" Ордені КСРО-ның "Ерен Еңбегі үшін" (медаль «За трудовое отличие») медалінің иегері. КСРО-ның "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған. 1999 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан орденімен марапатталды. 2001 жылы Қазақстанның Тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері атанды. 2004 жылы "Ұлы Отан соғысына 60 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
Толығырақ... Оқылды: 37 Уақыты: 08.03.2024

Айманов Шәкен – актер, режиссер, КСРО халық әртісі, туғанына 110 жыл (1914-1970)

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Өмірбаяны Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.[1] Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Орталық зираттағы Шәкен Айман қабірі басындағы құлпытас. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Театр Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951). Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.[2] Кино 1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Фильмографиясы Актер ретінде 1940 - Райхан - Сәрсен 1943 - Ақ раушан - Жақпан 1945 - Абай әндері - Шәріп 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов 1952 - Жамбыл - Жамбыл 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе 1968 - Тақиялы періште - эпизод 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай Дыбыстаушы ретінде 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы Режиссер ретінде[өңдеу | қайнарын өңдеу] 1954 - Дала қызы 1954 - Махаббат туралы аңыз 1956 - Біз осында тұрамыз 1957 - Біздің сүйікті дәрігер 1960 - Бір ауданда 1961 - Ән шақыруда 1962 - Жол түйісі 1964 - Алдар көсе 1966 - Ата-бабалар мекені 1968 - Тақиялы періште 1970 - Атаманның ақыры Сценарийші ретінде 1960 - Бір ауданда 1961 - Ән шақыруда 1964 - Алдар көсе 1968 - Тақиялы періште 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай Марапаттары Қазақстанның халық әртісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968); КСРО Халық әртісі (1964); КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
Толығырақ... Оқылды: 27 Уақыты: 15.02.2024

Жүнісов Сәкен – қазақ жазушысы, драматург, туғанына 90 жыл (1934-2006)

Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов (11.2.1934 жылы туған, Көкшетау облысы, Кішкенекөл ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996). Өмірбаяны Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.[1] ҚазҰУ-ін бітірген (1957). "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59) Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1964) "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68) КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1988-92) қызметтерін атқарған. Шығармалары “Сонарда” (1958) “Әжем мен емші және дәрігер” (1961) “Кімнің мекені жақсы?” (1961) “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965) "Ажар мен ажал" (1967) “Өшпейтін іздер” (1968) "Тұтқындар" (1972) "Жаралы гүлдер" (1973) "Қызым, саған айтам" (1973) “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978) "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді. Пьесалары "Кроссворд" (1981) "Қос анар" (1974) "Әр үйдің еркесі" (1975) “Қысылғаннан қыз болдық” (1976) "Сабалақ Абылай" "Сәукеле" тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған. Жүнісов - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлыған иегері (1986).[2]
Толығырақ... Оқылды: 29 Уақыты: 11.02.2024

Тәжібаев Әбділда – қазақтың танымал ақыны, драматург, әдебиеттанушы, туғанына 115 жыл (1909-1998)

Әбділда Тәжібайұлы Тәжібаев (4 ақпан 1909 жыл – 1998 жыл) — қазақ ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Өмірбаяны Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Орта жүз Қыпшақ тайпасы Торы руы Бессары атасынан шыққан.Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған. Жаңа бір түсіп, шам сөнді, Ашыла түсіп, гүл солды, – деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған. Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында: Есімде жоқ шын суреті, Әкем менің қандай кісі. Тек елестей бұлдырайды Әлдекімнің көлеңкесі, – десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы "Сыр жырлары" топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын: Кейде түске кіреді, Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін, Нағашы атам таяғын. Жүгіремін жағалап, Сырдың жайпақ жағасын. Кәрі көзбен сығалап, Қарар маған нағашым. Бірде қуып жүремін Шіркей мен шыбынын. Айдап бірде жүремін Нағашымның шығырын... Босайды екен көңілің Туған жерге келгенде: Көрініп тұр жып-жылы Көп тырнаған шеңгел де. Кейде түске кіреді Дәл өңімдей баяғым. Тай қып мініп жүремін Нағашы атама таяғын, – деп еске алады. Ол таңғажайып шығыс поэзиясынан да, туған халқының бай да көркем ауыз әдебиеті мұраларынан да таусылмас әсер, ләззат алып өседі. Жалпы, тумысынан дарынды, зерек те сергек Әбділданың ауылда алған әсері бай да құнарлы болған. Оны ақын шығармашылығынан байқау қиын емес. Жоғарыда аталған поэмасының кейіпкері қаладағы оқу орнына аттанғаны туралы: Қар да құйды жапалақтап, Тоқтамастан бастым алға. Тұңғыш ізім бақыт қуған Тұңғыш жауған түсті қарға, – дейді. Бұл Әбділданың өзі туралы айтылған сөз еді. Шынында да, ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді. Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді. Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небәрі 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды. Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болады. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды. Шығармашылығы және еңбектері Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған. Т. абайтану мәселесіне де белсене араласып, ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен шеберлігі тақырыбын сөз ететін мақалалар жазды. Оның «Абай және қазақ әдебиеті» («Социалистік Қазақстан», 1945, 19 тамыз), «Абай және қазақ совет поэзиясы» («Екпінді», 1940, 17 қазан) мақалаларында ақынның қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырудағы рөлі және Абай бастаған реалистік шеберліктің бүгінгі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жалғасы сөз болады. Күнделікті баспасөзде жарияланған мақалаларында үнемі Абай мұрасын жинау және оны дұрыс талдап, оқырман қауымға жеткізу мәселелерін қозғап отырды. Бұл үшін, алдымен, ақын мұрасын жүйелі зерттеумен айналысатын ғылыми мекеменің қажеттігін, ал ондай орталық Абай музейі бола алатынын арнайы мәселе етіп көтерді. Ғалым-ақынның абайтану ғылымында, әсіресе, «Қазақ лирикасы тарихынан» деген монографиялық еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбектің 2-тарауы түгел дерлік Абай лирикасын зерттеуге арналған. Ғалым Абай лирикасын бірнеше тақырыпқа бөліп талдау үстіңде оның жеке шығармаларына тоқталады, ақын шығармашылығының бүгінгі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жалғасын сөз етеді, Абай поэзиясының әлеуметтік қуатын, қоғамдық жүгін, жаңа поэзиясының бастауы ретінде тудырған жаңалықтарын ортаға салады, оған ілесе шыққан С. Торайғыров бастаған ізбасарларының: С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов т. б. ақындар шығармаларындағы сабақтастықты, үндестікті дәлелдейді. Т-тың өзі Абай шығармаларымен ерте танысып, көп үйренген ақын. Сондықтан да ол Абай өлеңдері тақырыбына қайта-қайта оралып, ақынның әр сезіне үңіле қарау қажеттігін талмай көтеріп келеді. Абай аруағына арнап «Абай мен Мұхтарға қойдық белгі», «Сағындырған Сарыарқа», «Жолдас Абай» өлеңдерін жазды. Т-қа жыр жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атынд. Мемлекеттік Сыйлығы берілген.[5] Әбділда Тәжібаев сонымен қатар осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Толығырақ... Оқылды: 30 Уақыты: 04.02.2024

Сағатов Мансұр – Қазақстанның өнер қайраткері, композитор (1939-2002) 85 жыл

Мансұр Сағатов (2 қаңтар 1939 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылы — 29 тамыз 2002 жыл, Алматы) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1983), Қазақстанның халық артисі (1990). К.Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінің флейта класында оқыған. 1963 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор В.В. Великановтың композиция класы бойынша) бітірген. 1963 — 74 жылдары Қазақ радиосы музыкалық редакциясының редакторы, бас редакторы, директоры қызметтерін атқарды. 1974 — 86 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігі жанындағы репертуарлық-редакциялық бөлімнің музыка жөніндегі аға редакторы болды. 1974 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында педагогтік қызметті қатар атқарды (1984 жылдан доцент). Сағатовтың шығармашылық жолы студенттік кезден басталады. Сол жылдары ол шекті аспаптар квартеті үшін сюита; виолончель мен фортепианоға арналған экспромт; қазақтың халық әні “Ләйлімнің” негізінде вариациялар жазды. Алғашқы үш бөлімді симфониялық шығармасымен дипломдық жұмысын қорғаған (кейін бұл шығармаға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілген, 1967). Скрипка мен оркестрге арналған концерті (1967), симфониялық оркестрге арналған “Мерекелік увертюрасы” (1972), “Мерген” симфониялық күйі (1976), “Мемориал” атты симфониялық сюитасы (1979), “Диалогтар” поэмасы, “Ақын толғауы”, (1972, Ж.Жабаев өлеңіне жазылған), “Мерекелік кантата” (1980), “Достық елі” кантаталары (1982, өлеңдері Қ.Мырзалиевтікі) “Әлия” атты екі актілі балеті (1978, либреттосы Ж.Байдаралиндікі), т.б. көркемдік деңгейі жоғары шығармалар жазды. Cағатовтың “Туған ел”, “Алматым менің”, “Бақыт құсы”, “Той кеші”, “Мені ізде”, “Кел биле”, “Кешегі арман — он жеті” сияқты көптеген әндері мен романстары халық арасына кең тарап, жұртшылықтың көңілінен шыққан туындылар.[1]
Толығырақ... Оқылды: 50 Уақыты: 02.01.2024

Қастеев Әбілхан – Қазақ ССР-нің халық суретшісі, туғанына 120 жыл (1904-1973)

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Ұлы жүздің Суан руының Елшібек тармағынан шыққан. [1] Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр... Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол. — Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда бір кварталды қырық минутта әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. — Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды. Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде, алдымен Жолбарыс алдынан жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бұл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау. Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар. "Ер адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана. Туғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнәзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба, аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек тұлга Ә. Қастеевтің жеке мұражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп тұр. Ендеше суреттерінің өзінен "даланың иісі бұрқырап" тұрған данамызға лайықты құрмет жасау парыз. [2]
Толығырақ... Оқылды: 41 Уақыты: 01.01.2024

Исабеков Дулат – жазушы, драматург 80 жаста (1942)

Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992). Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат .[1] Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған. 1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген; 1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор; 1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор; 1971—76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі; 1976—80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі; 1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы; 1988— 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы; 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.
Толығырақ... Оқылды: 150 Уақыты: 20.12.2022

Нұршайықов Әзілхан – жазушы Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 100 жыл (1922-2011)

Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылы - 12 ақпан, 2011 жылы Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Найман тайпасының Бура руынан шыққан Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. 1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949). 1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, 1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды. 2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.
Толығырақ... Оқылды: 114 Уақыты: 15.12.2022

Қабдолов Зейнолла – жазушы, әдебиеттанушы, Қазақстаның халық жазушысы, туғанына 95 жыл (1927-2006 )

Зейнолла Қабдолов (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жұмыстарын қатар жүргізген. Ширек ғасыр бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің әдебиет кафедрасын басқарып, бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі қызметімен қоса атқарған. «Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған. Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбейтін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Басқа да көптеген еңбектері: екі томдық шығармалары, «Елеусіз қалған есіл ер» пьесалар жинағы, «Менің Әуезовым», «Ұшқын», «Жалын» романдары, таңдамалы шығармалар, бес томдық алғашқы кітаптары «Жазушы», «Санат» баспаларынан әр жылдары басылып шыққан. Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген. ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды. Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған. «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты. Көркем шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.[1]
Толығырақ... Оқылды: 146 Уақыты: 12.12.2022

Жұбанова Ғазиза – композитор, музыкатанушы, педагог, КСРО және ҚазССР халық әртісі,туғанына 95 жыл (

Ғазиза Жұбанова (1927-1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан. Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор Ю. А.Шапориннің композиция класын бітірген. 1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 1968 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды.
Толығырақ... Оқылды: 164 Уақыты: 02.12.2022

Мұстафин Ғабиден – Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 120 жыл (1902-1984)

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1985, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері. Арғын тайпасы Қуандық руы Мұрат бөлімінен шыққан[1]. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды. Шығармалары 1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953). Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.
Толығырақ... Оқылды: 199 Уақыты: 29.11.2022

Мәметова Мәншүк - қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры, туғанына 100 жыл (1922-1943)

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Байұлы тайпасы Шеркеш рынан шыққан.[1][2]. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді. Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Толығырақ... Оқылды: 348 Уақыты: 23.10.2022

Әуезов Мұхтар – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, туғанына 125 жыл (1897-1961)

Ол қазіргіШығыс Қазақстан облысыныңАбай ауданындағыБөрілі деген жерде1897жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руықожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап,Семейқалалық мұғалімдер семинариясынатүседі. Семинарияда оқып жүріпШәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка Ресейдегісаяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады.Жүсіпбек Аймауытовпенбірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырдаОмбы қаласындаөткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушыЖүсіпбек Аймауытовпенбірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан»журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күздеТашкенттегіОрта Азияуниверситетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айындаЛенинград(қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жаздаЖетісуөңіріне сапармен келіп,Ілияс Жансүгіровпенбірге болашақ шығармаларына материал жинайды.Ленинградқақайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене»пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Толығырақ... Оқылды: 88 Уақыты: 28.09.2022

Мұртаза Шерхан – Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 90 жыл (1932-2018)

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (2 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). Дулат руының Шымыр тармағынан. Хоббиі - төс белгілер және асықтар жинау. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты. 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.
Толығырақ... Оқылды: 164 Уақыты: 28.09.2022

Мәуленов Сырбай – Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 100 жыл (1922-1993)

Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Арғын тайпасының Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан.[1] Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 —1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының,1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.[2]
Толығырақ... Оқылды: 95 Уақыты: 17.09.2022

Досжан Дүкенбай – жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, туғанына 90 жыл (1942-2013)

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964). 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.[1]
Толығырақ... Оқылды: 86 Уақыты: 09.09.2022

Байтұрсынов Ахмет – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, туғанына 150 жыл (1872-1937)

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Арғын тайпасының Шақшақруынан шыққан. Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде жұмыс жасады. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" төралқа мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болатын. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылтуға тырысты. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге дейін көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектеінің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалған еді. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болып саналады. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасауда қзінің үлкен үлесін қосты. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген еді. «Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент 1922 жылы қалаларында салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатұлы, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар жариялап, Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми пікір-тұжырымдар айтылды. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «...Кешегі күндерге дейін бәріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі ... әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми әділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен М.С.Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ халқының қоғамдық-мәдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-ның қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академик А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі» деген еңбегінде (1974) Байтұрсынұлының толық өмірбаянын беріп, әлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты. Оның қазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті Байтұрсынұлының есімімен аталды. 1998 жылы оның туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция өткізілді, Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
Толығырақ... Оқылды: 106 Уақыты: 05.09.2022

Жиенқұлова Шара – биші, туғанына 110 жыл (1912-1991)

Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (18 шілде 1912, Алматы — 21 мамыр 1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан. 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады. Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады. 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады. 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады. 1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды. Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды. 1940 — 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етті. 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды. 1966 — 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, “Қара жорға”, “Қырық қыз” билері дүниеге келді. Жиенқұлова — сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 170 Уақыты: 18.08.2022

Бигелдиев Талғат – әскери ұшқыш, авиация генерал-майоры, туғанына 100 жыл (1922-2014)

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады. Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
Толығырақ... Оқылды: 86 Уақыты: 05.08.2022

Шаханов Мұхтар– ақын, ҚР халық жазушысы 80 жаста (1942)

2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі. Қыпшақ тайпасы торы руы Көкмұрын бөлімінен шыққан.[1][2]. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65) "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. «Жалын» альманахының (1984) бас редакторы «Жалын» журналының бас редакторы (1986) 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Республикалық "Жалын" журналының бас редакторы.
Толығырақ... Оқылды: 156 Уақыты: 02.07.2022

Доспанова Хиуаз – қазақтан шыққан әйел-ұшқыш, жауынгер, батыр, туғанына 100 жыл (1922-2008)

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды. Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: "Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді". 1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
Толығырақ... Оқылды: 90 Уақыты: 15.05.2022

Әшімов Асанәлі – актер, режисер, Қазақстанның халық әртісі 85 жаста (1937)

1937 жылы 8 мамырда Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында (1937 жылы 9 мамырда Байқадам ауылында және 1939 жылы 9 мамырда) дүниеге келген. Байұлы тайпасының шеркеш руынан шыққан. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік консерваториясы жанындағы театр факультетін (1977 жылдан — театр-көркемсурет институтын, қазіргі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын) бітірген. Құрманғазы Алматыда. 1961-1963 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында жұмыс істеді. 1963 жылдан-Қазақ драма театрының актері, режиссері. М. О. Әуезов Алматыда. 1987-1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі болды. Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов және т.б. театр шеберлерімен жұмыс жасаған. Театрда Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молдабеков сияқты танымал әртістермен ойнады. Қазақ драма театрының сахнасында жұмыс істеген. М. О. Әуезов 50-ге жуық рөлдерді сомдады. Басқа театрларда — Шымкент облыстық драма театрында спектакльдер қойды. Ж. Шанин атындағы Республикалық Жас көрермендер театрында. Ғ. Мүсірепов Киноға көп түскен. Сәбит Мұқановтың "Ботагөз" (1958) фильмінде Кенжетайдың рөлін сомдаған. Оның серіктесі де дебютант Гүлфайрус Исмаилова болды, ол кейінірек танымал театр суретшісі болды. Бірқатар өтпелі рольдерден кейін актер ""Қыз Жібек"" қазақ эпосы бойынша кинодрамада опасыз Бекежанның рөлін сомдады (режиссері Сұлтан-Ахмет Ходжиков, 1970). Сол кезде ол Андрей Михалков-Кончаловскийдің сценарийі бойынша қайын атасы Шәкен Аймановтың "Атаманның ақыры" фильмінде басты рөлге ие болды. Фильм бүкіл Одақ бойынша үлкен жетістік болды. Тек 1972 жылы оны 30 миллион көрермен көрді. Таспа актердің визит карточкасына айналған чекист Чадьяров туралы бүкіл трилогияның негізін қалады. 1977 жылы Эльдор Оразбаев Александр Адабашян мен Никита Михалковтың сценарийі бойынша "Транссібір экспресі" трилогиясының екінші фильмін түсірді, онда ол тағы да басты рөлде болды, актердің көркемдік сүйкімділігі мен шеберлігі — жылына 24 миллион көрермен маңызды рөл атқарды. Соңында, 1989 жылы оның сценарийі бойынша режиссерлер и. Вовнянко мен Гук Ин Цой трилогияның соңғы фильмін — "Манчурлық нұсқаны"қойды. 20 жылдан кейін актер бұл оқиғаны жандандыруды ұйғарды және режиссер Хуат Ахметов Қасымханның оқиғалары туралы " Сіз кімсіз, Ка мырза?"(2009) тағы да А.Әшімовпен бірге басты рөлде. Театрдағы жұмыс жүктемесіне байланысты актер тек үш ондаған фильмде ойнады, бірақ уақыт өте келе ол режиссердің рөлін көбірек тарта бастады. 1981 жылы ол Шыңжаңдағы XIX ғасырдағы ұйғыр көтерілісі туралы Зия Самадидің тарихи романы (Юрий Визбордың сценарийі) бойынша "айдаһар жылы" фильмімен дебют жасады. 1985 жылы белгілі қазақ ғалымы және саяхатшысы Шоқан Уәлиханов туралы "аңызға айналған Шоқан" фильмін басты рөлде — оның ұлы Сағи сомдады. Кейін Жазушы Сатимжан Санбаевтың сценарийі бойынша "жусан" (1986), қазақ эпосы "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" (1992), "тұзды көл жанындағы үй" (2004) фильмдерін қойды. Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берді. Т. Қ. Жүргенов (профессор). 1973 жылдан КОКП мүшесі. 1990 жылдан-"Елім-ай"киностудиясының президенті. 2017 жылы актер театр сахнасынан кету туралы түпкілікті шешім қабылдағаны белгілі болды. Оның айтуынша, бұған бірнеше себеп болған: серіктестер қайтыс болды, ол жұмыс істегісі келетін режиссер жоқ
Толығырақ... Оқылды: 114 Уақыты: 08.05.2022

Шаймерденов Сафуан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург, туғанына 100 жыл (1922-2007)

15 сәуір 1922 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді — 23 ақпан 2007 жыл, Петропавл) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950). 1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер. 1950 — 52 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды. “Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55). “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56). Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63). “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60). Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
Толығырақ... Оқылды: 158 Уақыты: 15.04.2022

Мүсірепов Ғабит – жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, туғанына 120 жыл (1902-1985)

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан[1]. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты. 1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді; 1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде; 1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде; 1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде; 1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде; 1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде; 1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде; 1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан; 1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы; 1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы; 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі; 1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып; 1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.
Толығырақ... Оқылды: 167 Уақыты: 23.03.2022

Омарова Жамал – әнші, Қазақстанның халық әртісі, туғанына 110 жыл (1912-1976)

1912 жылы Түркістан облысы, Жаңажол ауданының Қауыншы деген жерінде туып өскен. Қазақстан халық әртісі. Өмір жолын көркеменерпаздар үйірмесінен бастады. Мектеп қабырғасында-ақ тамылжыта ән салып, көзге түсе бастаған жас Жамал 1925 жылы Ташкентте өткен Орта Азиялық балалар олимпиадасында әншілік өнерімен көзге түсіп, бірінші жүлдеге ие болған. Шанышқылы тайпасы Балықшы руынан. 1925-27 жылы Ташкенттегі қазақ, қырғыз, өзбек жастарына арналған педагогикалық училищеде оқыды. Жамал Алматыға Мәскеуде өткен қазақ өнері онкүндігінің аз-ақ алдында келген. Келген бетте 1934 жылы Қазақтың музыка драма театрының (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) құрамына қабылданды. Ол Мақпал ("Шұғада"), Қамқа ("Қыз Жібекте"), Айман ("Айман-Шолпанда") образдарын жасады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің тұңғыш онкүндігі біздің халқымыздың болашақ өнеріне ашылған алтын қақпа іспеттес болды. Сонда көзге түсіп, көп көңілінен шыққандардың ішінде атақты әншіміз Жамал Омарова да бар еді. Мұнда Жамал Омарова үш ән шырқаған: "Ертіс","Қараторғай", "Ләтипа". Бұрын мұндай әдемі дауысты қазақ әнін тыңдамаған, талап-талғамы жоғары Мәскеу жұртшылығының риза болғаны соншалық, әр әнді әдеттен тыс екі реттен орындатып, үсті-үстіне қол соғып отырғанда, ложаға М.И.Калинин келген екен. Осыдан бір жыл бұрын ғана Қазақстанның 15 жылдық тойында Алматыға келіп, мерекелік концертте болып, әнші өнерін тыңдаған Михаил Иванович: "Ән салған қараторғай ма? Олай болса, қайта тыңдайық" деген. Сөйтіп "Қараторғай" әнін мәскеуліктер үш дүркін тыңдаған екен. Осы кезде Жамал Омарова 24 жаста ғана еді. Ол кісі сахнаға келерде ешқандай да музыка мектебінде немесе арнаулы оқу орнында оқып, даярлықтан өтпеген. Тумысында табиғаттың өзі қазақтың кең даласындай кең тынысты үн сыйлаған. Құлаққа жағымдылығы, жүрекке қонымды, жұмсақтығына қарай, халық ондай дауысты "мақпал дауыс" деп атайды. 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әртістерінің конкурсына қатысқан. 1937 жылы қазақ филармониясының әнші-солисі болды. Осы жылдары жоғарыда аталған атақты үш әнді және "Екі жирен", "Ой-гөк", "Ақ дариға", "Жалғыз арша", "Қорлан", "Кәмила" сияқты әндерді орындап жүрген. Қилы замандардан халық жадында ұмытылмай сақталып келе жатқан бүл әндер әншінің орындауында қайта жанданып, ауылдан ауылға, ауыздан ауызға тарайды. Әнші халық әндерін орындағанда дауысын әдейі құбылтып, боямалап, кейбір әншілерде кездесетін жасандылыққа салынып әуреленбейтін. Әндерді халықтың өзі білетін мәнерінен шығармай-ақ, үнінің назды, сазды, қоңыржайлығымен жүректерге жеткізе орындаған. Осы қасиеті Жамал Омарованы қазақ халқының сүйікті әншісі еткен. Тағы бір ерекшелігі әндерін көп тілде шырқауында болатын. Репертуарын орыс, украин, беларус, тәжік, өзбек, татар, қырғыз, грузин, армян, басқа да халықтар әндерімен байытқан. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдары майдандағы жауынгерлерге концерт беріп, патриоттық сезімдегі әндерді орындады. Солтүстік Батыстағы майдан шептеріне дейін барып, жауған оқ пен жанған оттың арасында жүрген жауынгерлерге ойын-сауық көрсеткен, оларды жауды жеңуге жігерлендірген. Кейінгі жылдардағы репертуарында казақтың халық әндері: "Ақ дариға", "Бипыл", "Ләтипа", қазақ кеңес композиторларының шығармалары: "Менің елім", "Алтай", "Оңтүстікте ақ алтын", "Гүлденген Қазақстан", "Ұстазым" т.б. әндері болған. Әнші еңбегі жоғары бағаланып, 1942 жылы Қазақ КСР-нің халық әртісі деген қүрметті атақ берілген. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және ондаған медальдармен марапатталған. КСРО Мәдениет министрлігінің "Мәдениеттің озық қызметкері" значогымен үш дүркін наградталуының өзі оның өнер өрінде ерекше орын алғанын сипаттайды. Жамал апайдың артында әнін сүйетін халқы, ұрпақтары, төрт баласы мен сегіз немересі, шәкірттері бар. Жамал Омарова атына берілген Шымкент қаласында музыка мектебі, Алматы қаласында көше бар.
Толығырақ... Оқылды: 140 Уақыты: 08.03.2022

Бегалин Мәжит – совет, қазақ киноактері, кинорежиссер, сценарист туғанына, 100 жыл (1922-1978)

1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. 1950 - 1978 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы "Бұл Шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта М.Бегалинның оралуы" (1959), "Тұлпардың ізі" (1964) көркем фильмдерді қойды. Ш. Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957), Б. Момышұлы жайында "Артымызда Мәскеу" сценарий авторы (1967). 1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипломы иегері. М. Мәметова туралы "Мәншүк туралы баллада" (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты. 1970 ж. Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері. Ресми шығармашылығы туралы "Мажит Бегалин" атты деректі фильм (1981) түсірілген.
Толығырақ... Оқылды: 98 Уақыты: 22.02.2022

Бөкеева Хадиша – ҚР халық әртісі, туғанына 105 жыл (1917-2011)

Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы ) — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған (2000 жылы). Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), курстарымен тұтас келіп, Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде”), Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Людмила (А. Островскийдің “Кешіккен махаббатында”) сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған. Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. Сол кезден бастап актриса Қазақ драма театрының сахнасында Қарлыға, Әйгерім (Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысы” мен “Абайында”), Күнікей (Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Сәуле (Т. Ахтановтың “Сәулесі” мен Ә. Әбішевтің “Достық пен махаббатында”), Майра, Маржан (Ә. Тәжібаевтың “Майрасы” мен “Көңілдестерінде”), Катарина, Эмилия, Королева Маргарита (Шекспирдің “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ричард ІІІ-сінде”), Катерина, Негина, Кручинина (Островскийдің “Найзағай”, “Таланттар мен табынушылар” және “Жазықсыз жапа шеккендерінде”), Мехменебану, Әйел (Н.Хикметтің “Фархад — Шырыны” мен “Елеусіз қалған есіл ерінде”), Айша апай (Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ана (Қ.Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Луиза (Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатында”), Диана (Лопе де Веганың “Шөп қорыған итінде”), Беатриче (Мольердің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Сидзу (Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), Ана және Сот (М. Байжиевтің “Қалыңдық пен күйеуінде”), Соқыр әйел (М. Метерлинктің “Соқырларында”), т.б. әр ұлттың характеріндегі сан қырлы образдарды сомдады.
Толығырақ... Оқылды: 137 Уақыты: 21.02.2022

Шүкіров Зейнолла – жазушы, туғанына 95 жыл (1927-1979)

Зейнолла Шүкіров (1927 жылы ақпан айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келіп, 1970 жылы желтоқсан айында Қызылорда облысында дүниеден озады.) - ақын. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. Алғашқы жинағы "Менің достарым" 1955 жылы шықса, кейін өмір сырын ұғындыратын "Теңіз жыры" кітабы 1960 жылы шығады. Оның "Арал дәптері", "Алау", "Сағыныш", "Адам-Жер-Ана" т.б өлең кітаптары бар. "Тоғысқан тағдырлар", "Жүрекке әмір жүрмейді", "Ғажайып құмыра" , "Сырлы дүние атты хикаялары", "Ізгілік іздер", "Жас жесір", "Қиын түйін" повестері мен "Өткелдер" атты романы жарық көрген. Бірқатар өлең дастандары орыс тіліне аударылған. Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Толығырақ... Оқылды: 108 Уақыты: 16.02.2022

Қонаев Дінмұхамед – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, туғанына 110 жыл (1912-1993)

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Толығырақ... Оқылды: 73 Уақыты: 12.01.2022

Жандарбекова Шолпан – Қазақстанның халық әртісі, туғанына100 жыл (1922-2005)

1 қаңтар 1922, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 14 қыркүйек 2005 Алматы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1959; 1945 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), КСРО халық артисі (1982). Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген (1942).Оқып жүрген кезінен Қазақ драма театрына қабылданып (1941), сахнаға шыға бастады. Алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Сын сағатта” спектакліндегі Рәш қыз. Жандарбекова отандық драматургтер пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді орындап, мүсінді, сымбатты, ажарлы арулар галереясын жасады. Бұлардың ішінде Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Еңлік, “Қара қыпшақ Қобыландыдағы” Құртқа, “Абай” трагедиясындағы Тоғжан, “Айман — Шолпандағы” Шолпан, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Абай әні” кинофильміндегі Мағыш бейнелері бар. Ғ.Мүсірепов пьесалары қойылымындағы — Ақтоқты (“Ақан сері — Ақтоқтыда”), Баян (“Қозы Көрпеш — Баян сұлуда”), Ш.Хұсайыновтың “Алдаркөсесіндегі” Қарашаш, “Қилы-қилы тағдырларындағы” Рәуәш, т.б. бейнелердің ішкі иірімдері мен көңіл күй толғаныстарын нәзік те терең ашқан шеберлігімен Жандарбекова сахна өнері тарихында қалды. Әсіресе, Ақтоқты бейнесін қайталанбас бірегейлікпен мүсіндеді. Ол Салқия (Ә. Әбішевтің “Күншілдігінде”), Марфуға, Ева Бройер (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті” және “Жат елдесінде”), Үрия (Ә.Тәжібаевтың “Той болардасында”), Фатима ханым, Жаңыл (Т.Ахтановтың “Анты” мен “Боранында”), Алмагүл (Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ажар (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”; Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980), Жамал (“Қ.Мұқашевтың “Парторгінде”), т.б. рөлдерді ойнап, өз замандастарының сан қилы кескін-келбетін ашты. Оның Марианна (Ж.Б. Мольердің “Сараңында”), Дездемона (У.Шекспирдің “Отеллосында”), Шырын (Н.Хикметтің “Фархад — Шырынында”), Негина және Кручинина (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушылары” және “Жазықсыз жазалыларында”), Параська (Я.А. Галанның “Таң алдындағы махаббатында”), Кей (М.Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), т.б. бір топ рөлдері — отандық сахнагерлердің классик. шығармаларды меңгеруінің үлгісі іспетті. 1945 жылдан киноға түскен: Мағыш (“Абай әнінде”), Баян (“Махаббат дастанында”), Зияда (“Дала қызында”, 1954), т.б. рөлдерді орындады. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1968 жылдан пед. қызметпен (әуелі Алматы мемл. өнер инcтитутында 1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында;1983 жылдан профессор) шұғылданады.
Толығырақ... Оқылды: 93 Уақыты: 01.01.2022

Бағланова Роза – әнші, Қазақстанның халық әртісі, туғанына 100 жыл (1922-2011)

1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынанРоза Бағланованың әкесі Тәжібай бақуатты кісі болған. Әуелі татар қызы Мәриямға үйленген. Кейін Күндей деген шешесі ер адамға ізін жалғастыратын ұрпақ керек деп, екінші рет Ақкүріш деген қазақ қызын алып береді. Екі әйелі қатар босанып, Мәриямнан Ыдырыс деген ұл, Ақкүріштен Роза дүниеге келді. Аумалы-төкпелі кезеңде Тәжібай отбасы Ташкентке қоныс аударады. Роза Бағланова тетелес бауыры Ыдырыстың әскерге кеткенін ғана біледі. Содан ол хабарсыз кеткен. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 2011 жылы қаңтардың 8 Алматы қаласында Роза Бағланова қайтыс болды.
Толығырақ... Оқылды: 82 Уақыты: 01.01.2022
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика