Жаңалықтар

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль әліпбийінің 33 әріпін қайталауға арналған «Жанасу арқылы білімге» атты танымдық-тәжірибелік са

Уақыты: 16.07.2026
Оқылды: 26

Іс-шара барысында қатысушыларға Брайль жүйесінің негізгі заңдылықтары, алты нүктенің орналасу тәртібі мен оқу-жазу ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Арнайы тактильді құралдар мен бедерлі-нүктелі карточкалардың көмегімен қатысушылар базалық 33 әріптің комбинацияларын еске түсіріп, саусақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды орындады. Сонымен қатар іс-шара аясында Брайль қарпімен жазылған мәтіндерді оқу және жылдам жазу бойынша практикалық тапсырмалар орындалып, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуы мен қоғамға бейімделуіндегі заманауи технологиялардың рөлі жөнінде әңгіме өрбіді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика