Жаңалықтар

«ТАРИХИ ТҰЛҒА – ОРАЗ ЖАНДОСОВ»

2024 жылдың 23 ақпанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты тарихи сағат өтті. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихына терең із қалдырған көрнекті тарихи тұлғалардың бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов. Оның күрделі әрі тағылымды ғұмырымен танысып, оқып білу – ұлтымыздың өткен жолын өз-өзімізді жете тануымызға көмектеседі. Ол заман ықпалы мен коммунистік идеялогияны таңдаған,тіпті қиын-қыстау заманның өзінде ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көздеген. Ораз Жандосов Қиқымұлы – жалынды ер, «ұлтым» деп өткен қайраткер. Шара барысында «Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты кітап көрмесі таныстырылды. «Қайран Ораз» атты бейнеролик көрсетілді. Кездесу кешіне Талдықорған қаласындағы INNOVERSE мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашы Ерден Нұрахмет тұлға туралы т...
Толығырақ... Оқылды: 108 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.02.2024

«Шешен сөз шебері – Әйтеке би»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың шешен биі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Шешен сөз шебері – Әйтеке би» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты : Әйтеке Байбекұлы туралы кеңінен насихаттау, ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды ояту. Шара барысында бөлім меңгерушісі Г. Таукебаева мемлекет қайраткері Әйтеке бидің өмірбаянына кеңінен тоқталып, көрмеге шолу жүргізді. Сонымен қатар Әйтеке ер жете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған, өз заманымыздың алып тұлға Әйтеке Байбекұлы халқымыз үшін таусылмас қазына болып қала берері сөзсіз. Шара соңында оқырмандарға Әйтеке бидің біздің тарихымызда алатын орны ерекше екенін, ол тек қана шешен ғана емес, сонымен бірге ержүрек батыр ретінде халыққа танымал болғанын еске сақтайық.
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.02.2024

Байқау «Шәкәрім оқулары»

Құрметті Жетісулық оқырмандар, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтетінін хабарлаймыз! Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау облыстық және Республикалық деңгейде өтеді. Шәкәрім оқулары 2 кезеңнен тұрады: ✅1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі – Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. ✅2. Бірінші кезеңнен іріктеліп шыққан талапкерлер «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, электронды тақта көмегімен ұяшықтардағы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап береді. Шәкәрім оқуларына қатысуы жөніндегі сұраныс хатты облыстық кітапхананың okuzaly.19@mail.ru почтасынажіберу қажет. Байқауға өтініштер 2024 жылдың 27 ақпанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен алғыс хаттармен, марапатталады. Байқаудан жеңіп шыққан талапкер 5 наурыз күні А...
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: Афиша Уақыты: 21.02.2024

«Тарихи тұлғаға тағзым»

Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы-ғалым М.Тынышбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін дәріптеп, Ұлы адам өмірін үлгі ету арқылы оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу. Шараға облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Н.Базарбаева, Талдықорған қаласындағы №20 мамандырылған лицейінің 10 сынып оқушылары мен лицейдің кітапхана меңгерушісі Л.Серикова қатысты. Ақпарат сағаты М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы «Тар жол, тайғақ кешу» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Шара барысында облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Н.Базарбаева Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тарихи құжатта...
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.02.2024

Компьютерлік сауаттылық!

Компьютерлік сауаттылық! Құрметті оқырмандар! Кітапхананың техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімі кітапхана оқырмандарына “Компьютерлік сауаттылық” үйірмесін ашты. Бұл үйірмеден сіздер Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, MS Excel - сандық кестелермен жұмыс, интернетпен жұмыс (почта, мәлімет іздеу, видео іздеу, көшіру) сияқты бағдарламаларды үйрене аласыздар! Үйірме аптаның әр жұмасында, сағат 16.00 ден 17.00 аралығында өтеді. Өтетін орны: Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: Афиша Уақыты: 19.02.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика