Жаңалықтар

Алғаш рет кітапханашылар күні атап өтілді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан – КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілген болатын. Осынау атаулы мерекені Жетісу облысы да назардан тыс қалдырмады. 2023 жылдың 19 қазанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесіне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты кеште «Кітапхана – рухани қазына ордасы» атты бейнеролик көрсетіліп, Жетісу облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы кітапханашыларды құттықтап, құнды қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап жүрген кітапханашылардың еңбегіне табыс тіледі. Кәсіби мерекеге орай 11 кітапханшыға әртүрлі номинациялар бойынша сертификаттар табысталса, 18 кітапханашы ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханалық одағы ұсынған «Қазақстанның үздік кітапханашысы» төсбелгісімен, 11 кітапханашы Жетіс...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.10.2023

«Балалар әдебиетінің майталманы»

11 қазан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ ақыны, әдебиеттанушы Мұзафар Әлімбаевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің майталманы» атты ауызша журнал өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты оның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесюжетінен бастау алып, «Бөрлінің әдеби әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға арнайы қатысқан әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Абылайхан Хармысов ақын Мұзафар Әлімбаев жайлы шығармаларына тоқталып, ақынның сөзіне жазылған «Бақытым бол» әнін орындады. Сонымен қатар кітапханашы Айым Жұмабекова оқырмандарға ақынның өзі шығарған көптеген мақал-мәтелдерін қанатты сөздері мен сөз тіркестерін айтты. Шара соныңда №13 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Чармухамбет Нұрсұлу, 6-сынып оқушылары Сламғали Еркежан мен Рысбек Нұрай ақының өлеңдерін оқыса, жас оқырман Ерасыл Тұрғанбай «Би&ra...
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.10.2023

«Үздік жыл әдіскері» облыстық әдіскерлер байқауы

2023 жылдың 4 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері» облыстық байқауы өтті. Байқау ережеге сай 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең: «Мен әдіскермін» өзін таныстыру 2 кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» сұрақ-жауап 3 кезең: «Білікті маман – креативті жоба» жоба таныстырылым Бақ сынасуға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 5 кітапханашы қатысып, кәсіби біліктіліктерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша І ші дәрежелі дипломмен Омарова Жанар Мелісқызы, ІІ дәрежелі дипломмен – Берекполова Айдана Серікқызы, ІІІ дәрежелі дипломмен – Мүйтунова Алтыншаш Бейсенбайқызы марапатталса, Сейполдина Айсұлу Тілектесқызы, Нурумова Бағлан Сейтқазықызына алғыс хаттар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.10.2023

Өнер биігіндегі Биапа

2023 жылы 29 қыркүйек күні Қазақ КСР-інің халық артісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса – Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай өткен “BIKEN” I – Халықаралық театр фестиваліне Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Өнер биігіндегі Биапа» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің бірінші бөлімінде Бикен Римованың өмірі мен шығармашылығына арналған және актриса жайында жазылған еңбектері мен мақалалар жинағы орналастырылған. Сондай-ақ, жалпы театр өнеріне арналған. Республикалык және Облыстык театрларларда әр жылдардагы сахналанған койылымдар туралы, ұлттык театрдын танымал шеберлері туралы әдебиеттер жинағы қойылды. Атап айтсак КСРО халык әртісі Шакен Айманов, Казакстаннын Халык артистері Сабира Майканова, Әмина Өмірзақова, Нұрмұхан Жантерин, Қасым Жәкібаев, Ыдырыс Ноғайбаев, Сабит Оразбаев, Әнуар Молдабеков, Нүкетай Мышбаева, КСРО халык артисі Асанәлі Әшімов сынды қазақтын атақты әртістері туралы...
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.09.2023

«Жан ішінде жарық нұр»

2023 жылдың 23 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айгүл Жұмаділмен «Жан ішінде жарық нұр» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның «Жан ішінде жарық нұр» атты кітабының тұсауы кесіліп, шығармашылығы насихатталды. Ақынның өлеңдері оқылып, поэзия әлеміндегі жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, ақынмен ашық диалог орнатты. Аталған іс-шараға көрнекті ақын-жазушылар Бақыт Беделхан, Қанағат Әбілқайыр, Қанат Әбілқайыр, Есболат Айдабосын, Жангелді Немеребай, Нұргүл Маулина мен аудармашы Шынар Әбілда, әнші Гүлмира Асылхан қатысып, ақын шығармашылығы туралы кеңінен толғап өтті. Шара соңында әнші Гүлмира Асылханның орындауындағы Айгүл Жұмаділдің өзінің сөзіне жазылған «Қазақпын» атты әні орындалды.
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.09.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика