Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 7 сәуір – Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты тәрбие сағаты өтті.
Шараның мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов тәрбиелік іс-шараның тақырыбына байланысты әңгімені тек денсаулық жөнінде болатынын, денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіретіні жайлы айтып кетті.
Біздің бөлімнің тұрақты оқырманы Көпбаева Айгерім денсаулық туралы деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, таза-ауада жүру, спортпен шұғылдану, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі деп өз ойымен бөлісті. Ендеше «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне осында. Дені сау ада...
|