Жаңалықтар

Оқырмандардың сұранысы бойынша кітаптарды үйге жеткізу қызметі ұйымдастырылды

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханашылары арнайы тапсырыс бойынша 1 топ көз мүгедегі Толғанбаев Мұратхан Толғанбаевичқа Брайль қарпімен жазылған Абай Құнабаевтың «Қара сөздері», Берекет Барибаевтың «Қасым хан» атты кітаптары мен Дүйсенбай Досжанның «Келіншек асуы», Шәкен Күмісбаевтың «Қылмыскер құтылмайды» атты аудиокітаптарды үйлеріне жеткізу қызметін ұйымдастырды. Мұндай қызмет көрсету зағип және нашар көретін азаматтардың ақпаратқа және мәдениетке қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл олардың қоғамнан алшақтамай, білім алуға, рухани және интеллектуалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, үйге жеткізу қызметі оқырмандардың тұлғалық дамуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуына септігін тигізеді.
Толығырақ... Оқылды: 117 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.12.2024

Жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талқылау сағаты өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында қазақ жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талқылау сағаты өтті. Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Жүсіпбек Аймауытовтың драматург, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Күнікейдің жазығы», «Мен қалай үйлендім?» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды. «Ақбілек» туындысының желісіне талдау жүргізіліп, Ақбілек – қазақ ауылының сұлу қызы азаматтық соғыс кезінде оны ақ әскерлер тұтқынға алып, зорлық көрсеткені, қашып құтылғаннан кейін, ол ауылына оралғаны, бірақ өсек-аяң мен әділетсіздікке тап болғаны, қоғамның теріс көзқарасына қарамастан, Ақбілек өзін дамытуға күш салып, жаңа өмір бастағаны жайлы баяндалып және роман әйел тағдыры, қоғамның әділетсіздігі мен рухани жаңғыру туралы екендігі...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.12.2024

«Үздік оқырман - 2024», «Үш арыс – үш ғұмыр», «Ақпараттық ресурстардың дамуы – «Web-РАБИС» байқауларының қорытындысы

6 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Үздік оқырман - 2024», «Үш арыс – үш ғұмыр», «Ақпараттық ресурстардың дамуы – «Web-РАБИС» байқауларының нәтижесін жариялау мақсатында қорытынды іс-шара өткізілді. Кітап оқуға тарту, дәстүрлі оқуды сақтау және оқырмандарға стимул ретінде «Үздік оқырман - 2024» байқауы, облыс кітапханашыларының кәсіби сауаттылығы, жаңа ақпараттық технологияны жетік меңгеруі, кітапхана саласын одан әрі дамыту және оны жетілдіру үшін ақын, қоғам қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш арыс – үш ғұмыр» атты облыстық онлайн кітап көрмесі байқауы және кітапханалық «Web-РАБИС» бағдарламасы бойынша «Ақпараттық ресурстардың дамуы – Web-РАБИС» атты облыстық байқаулары қорытындыланды. Әділқазы алқасы шешімімен жылдың үздік оқырмандары анықталып, бірнеше номин...
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2024

«Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты тарихи сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жазушының өмірбаяны мен әдеби шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасап, «Көрнекті жазушы – Әбіш аға» атты арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Әбіш Кекілбаев» энциклопедиясы, екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, «Всполохи», «Мартовский снег» сияқты туындылары, сондай-ақ зағип оқырмандарға арналған кассета мен аудиодискілердегі жазушының басқа-да шығармалары қойылды. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсене қатысып, жазушының өмір жолы мен туындылары туралы тың мағлұмат алды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Толығырақ... Оқылды: 123 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2024

«Ертегі әлем елшісі» атты кездесу кеші өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Казақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Көксу ауданының құрметті азаматы, балалар әдебиетінің жазушысы Жұмабала Балақаранованың 75 жасқа толуына орай «Ертегі әлем елшісі» тақырыбында кездесу кеші өтті. Жұмабала Балакаранова – қазақ ертегілерін насихаттаушы, педагог және балалардың сүйікті ертегішісі ретінде танымал. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен және Президенттің алғыс хатымен марапатталған. Жұмабала апа халық ертегілері арқылы балаларға жақсылық, мейірімділік, білімге ұмтылу және еңбексүйгіштік секілді құндылықтарды дәріптеп келеді. Кездесу кешінің басы Жұмабала Балақаранованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірім – өренім» атты бейнероликтен бастау алды. Барлыбек Сырттанов атындағы №25 мектептің 3 сынып оқушылары Жұмабала апаның ертегілерінен қойылым қойылып, қонақтарды балалық шаққа жетелейті...
Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика