Жаңалықтар

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Жан жылуыңды сыйла» атты ақпараттық сағат өтті.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана бөлімінде «Жан жылуыңды сыйла» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға, тең мүмкіндіктер қалыптастыруға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталды. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов қатысушыларға Мүгедектер күні туралы тарихи деректер мен мүгедектердің құқықтары туралы маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, зағип оқырмандардың өміріндегі жетістіктері мен белсенділік таныту жолындағы тәжірибелері туралы әңгімелер баяндалды.Сондай-ақ кітапханамыздың белсенді оқырманы Сидтникова Римма Николаевна Мүгедектер күніне арнап шығарған «Инвалидность-непорок» атты өлең жолдарын оқып берді. Іс-шараның бір бөлігі ретінде арнайы құралдар, бедерлі кітаптар, дыбыстық материалдар және жаңа әдебиеттерден құралған көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған ақпараттық ресу...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.12.2024

«Жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.

28 қараша күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті.Сайысқа 7 аудан,2 қала кітапханаларынан 9 оқырман қатысып, Панфилов ауданының Жаркент қаласының Ш.Уәлиханов атындағы 5 «а» сынып оқушысы Тағлым Айару жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2024

«Имандылық – ізгілік негізі» атты тақырыпта Талдықорған қаласының Нұр мешітінің бас имамымен кездесу кеші өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханасының оқырмандарымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты тақырыпта Талдықорған қаласының Нұр мешітінің бас имамымен Алпысбаев Жансерік Өмірсерікұлы кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында бас имам діннің қоғамдағы алатын орны мен оның адам тәрбиесіндегі маңыздылығы жайында терең ойларымен бөлісті. Діннің егеменді ел ретінде дамып, өркендеуімізге тигізетін игі әсерін атап өтіп, имандылықтың әділдік, парасаттылық, сыпайылық және көпшілдік сияқты ұстанымдарды қалыптастыратынын түсіндірді. Шараның ерекше жаңалығы ретінде Нұр мешітінде көру қабілеті шектеулі жандар үшін арнайы ұйымдастырылған «Брайль-Әдіснамасы» атты құран оқыту курсының ашылғаны жарияландығын мәлімдеді. Бұл курс көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың рухани білімін арттырып, құран оқуды үйренуге жол ашпақ. Курсты теолог РАТТ мүшесі Кәбірова Назерке Қайратқызы жүргізетіні белгілі болды. Имам барлық зағип жандарды осы курстарға...
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2024

«IQ game» интеллектуалды ойыны өтті

28 қараша күні кітапхананың ұйымдастыруымен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер арасында «IQ game» интеллектуалды ойыны өтті. Ойын 5 кезеңнен тұрды: 1 кезең – «Тарих толқынында» 2 кезең – «Әуенді тап» 3 кезең – «Суретті сұрақтар» 4 кезең –« Кино Time» 5 кезең – «Емтихан» Әр кезеңде 6 сұрақ, әр сұраққа 1 балл беріледі. Жауап беру уақыты 1 минут. Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден мәдени мұра, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Талдықорған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының қызметкерлері қатысып, тартысты ойынға куә болды. Қатысушылар ойыннан алған әсерімен бөлісіп, алғысын білдірді. Нәтижесінде: 1 орынды – «Алтын көмбе» тобы (М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы) 2 орынды – «Ұлағат» тобы (Талдықорған...
Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2024

«Үнсіз тарайтын індет» атты дәрігермен сұхбат өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1-желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Үнсіз тарайын індет» тақырыбында Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алинамен оқырмандар арасында сұхбат өтті. Сұхбат барысында «Ғасыр дерті» атты видеоролик көрсетіліп, «Спид –қасірет қақпаны» атты кітап көрмесімен кітапханашы Фатима Бектемисова таныстырды. Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік бөлім жұмысын үйлестіруші, дәрігер Шарипбаева Алина «Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы» тақырыбында баяндама оқып, оқырмандарға ағзаның иммундық жүйесінің адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС ауруын тудыратын инфекциялар тарайтынын, сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымдалатынын айтып, АИТВ/ЖИТС туралы түсіндірме қағаздарын таратты. Шар...
Толығырақ... Оқылды: 187 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.11.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика