Жаңалықтар

«Махаббат – мәңгі ертегі»

«Кешкі кітапхана әлем» жобасы аясында «Махаббат – мәңгі ертегі» кеші 2024 жылдың 19 сәуірінде Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Кешкі кітапхана әлемі жобасы аясында 15-сәуір ғашықтар күніне орай «Махаббат – мәңгі ертегі» атты кеші өтті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеген мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Шараның басты қонағы ретінде келген ақын, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Жетісу облысындағы тілшісі Мұхтар Күмісбек, ақын Еркін Ғапу қатысып, көрермендерге өздерінің сезімге толы сыршыл лирикалық өлеңдерін оқып, махаббат және әдебиеттегі әйгілі жұптар туралы баяндап берді. Шара бар...
Толығырақ... Оқылды: 115 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.04.2024

«KITAP ШОУ- 2024»

Құрметті оқырмандар! 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «KITAP ШОУ- 2024» кітап фестиваліне шақырамыз! Шара аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің түрік тілінде шыққан «Бақыт гүлі» кітабының тұсау кесері «Жауһазын - ғұмыр» жас ақындардың поэзиялық көрінісі «Book Dating» мерейтой иелерінің кітап кейіпкерлерінен дефиле «Сан сұраққа саяхат» атты викториналық ойыны; «Библио спорт» алаңы: тоғызқұмалақ және шахмат ойындары; «Karaoke time» ән караокесін тамашалай аласыздар!
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: Афиша Уақыты: 19.04.2024

«Тау тұлға Ілияс»

17 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ақын, қоғам қайраткері І. Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тау тұлғалы Ілияс» атты ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Атаулы конференцияға ақынның өмірі мен шығармашылығы және оның шығармаларын зерттеп жүрген ойшылдардың 80 данаға жуық кітаптарынан тұратын «Тау тұлға Ілияс» атты үш бөлімнен тұратын кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған кітапханашылар Н. Қамбаева мен Қ. Садырбекова библиографиялық шолу жасады.
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.04.2024

«Қазақстан ғарыш қақпасы»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 12 Сәуір – Бүкіләлемдік авияция мен ғарыш күніне орай «Қазақстан ғарыш қақпасы» атты ақпараттық сағат өтті. Шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқырман қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету. Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов оқырмандарды Бүкіләлемдік ғарыш күнімен құттықтап, Қазақстанның қос ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмірбаянына қысқаша мәлімет беріп, кітаптарына шолу жүргізді. Қорыта келе ғарыш әлеміне саяхат арқылы, ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдетіп, ақпараттық сағат тартымды өтті.
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.04.2024

«Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал»

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, айтыскер ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара барысында «Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ә.Қанабек библиографиялық шолу жүргізді. «Тұла бойы тұнған өнер» атты бейнесюжет көрсетіліп, Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі әншісі, оқытушы «Серпер Одағы сыйлығының» лауреаты Төлеутай Серіков, Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы, дәстүрлі әндердің шығу тарихы мен айту өнері, орындау шеберлігі туралы пайдалы мағлұматтар айтып, Біржан салдың «Теміртас», «Сырғанақ» әндерін нақышына келтіріп орындаса, шәкірттері Мұқажан Еркебұлан мен Разбек Ердәулет, Біржан салдың «Бұрылтай», «Он саусақ» әндерін мәнерлеп орындап, тыңдаушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, ыстық ықыласына бөленді. Шараға №19 М.Жұм...
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика