Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты еске алу кеші өтті.
Шара басында «Ердің ері» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты С.Нұрмағамбетовтың өмір жолы, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы бейнесюжет көрсетілді.
Еске алу кешіне Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, Жетісу облысы Қарулы күштерінің, Ауған соғысының ардагерлері, Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінің қызметшілері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Әскери кафедра оқытушылары мен курсанттары қатысты.
Шара барысында Жетісу облысы Қарулы Күштері ардагерлерінің төрағасы Рахым Кербағақов С.Нұрмағамбетовпен тікелей қарым-қатынаста болған кездегі кейбір қырларына кеңірек тоқталып, оның ерлігі мен табандылығын тереңнен толғауға тырысты. Сондай-ақ, Жетісу облыс...
|