Жаңалықтар

Алғаш рет ақын Қайрат Әлімбекке арналған «Қайрат оқулары» байқауы ұйымдастырылды

30 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Қайрат Әлімбектің шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық «Қайрат оқулары» байқауы өтті. Шара барысында ақын Қайрат Әлімбектің өмірі мен шығармашылығы жайында көрсетілген бейнероликтен бастау алынды. «Қайрат оқуларына» Жетісу облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 13-16 жас аралығындағы 22 бала қатысып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. «Жоқ іздеген жігіт» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай қатысушы жатқа білетін Қайрат Әлімбек шығармаларының санына және толық мәнерлеп жатқа айтуына қарай бағаланды. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 11 қатысушы «Шығармашылық жұмыс» екінші кезеңіне өтіп, ақынның арнауын зерттеу арқылы өз тарапынан ой-пікірін қоса отырып, мазмұнын ашу арқылы шығармашылық жұмыстарын арнайы дайындалған слайд арқылы қорғады. Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналисте...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2024

Қазақ халқының әйгілі әнші – композиторы, ақын Біржансал Қожағұлұлына 190 жыл толуына орай «Күміс көмей – Біржан сал» атты тақырыпта танымдық сағат өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақ халқының әйгілі әнші – композиторы, ақын Біржансал Қожағұлұлына 190 жыл толуына орай «Күміс көмей – Біржан сал» атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашы А. Абейбекова ақынның соңғы жылдардағы әндерінде Біржан қайтып келмес жастық пен даңққа деген сағынышын жеткізуге тырысқанын және үлкен әншінің еркіндікке толы бейнесі Мұқан Төлебаевтың Біржан мен Сара операсында көрініс алғаны туралы баяндап, ақынның өмір баянымен еңбектеріне тоқталып, кітаптарға шолу жасады. Шара соңында Ақын Біржан Қожағұлының осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы, деп бағалай келе, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы күрескен өмірі халық санасында мәңгі өмір сүретіні жайлы айтып өттік.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2024

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жаса мәңгі бейбітшілік ынтымақ» атты мерекелік кеші өтті.

2024 жылдың 29 сәуір күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жаса мәңгі бейбітшілік ынтымақ» атты мерекелік кеші өтті. Шара барысында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты бейнесюжет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» кеңесшісі Құрметбек Сансызбайұлына құттықтау сөз сөйледі. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Жадыра Есимова мен Жанар Дулыханова «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларының поэзиялық шеруде өлең оқыса, «Зерде» орталығының бишісі Айша Батырбек «Аққу» биін билесе, «Өнер» мектебінің әншілері Ислам Бахытжан «Туған өлкем», Диас Қанатбаев «Ұланымын ұлы елдің&raq...
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2024

«Тау тұлғалы Ілияс» атты кеңейтілген кітап көрмесі

26 сәуір күні ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайыында «ILIYAS» атты кино көрсетілді. Осыған орай Жетісу облысының Сәкен СЕйфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырылуымен кино тамашалауға келген көрермендерге үш бөлімнен тұратын «Тау тұлғалы Ілияс» атты кеңейтілген кітап көрмесін кітапханашылар Қ.Садырбекова мен Ә. Қанабек таныстырды.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.04.2024

«Сұлу саздың сәулетшісі» композитор Мұратхан Егінбаев 85 жас

26 сәуір күні өнегелі өнерімен сусындатып жүрген Жетісулық композитор, Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаевтың 85 жасқа толуына орай Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында композитормен «Сұлу саздың сәулетшісі» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында келген оқырмандарға композитордың шығармашылығына арналған «Өнерім - өмірім» тақырыбында өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді. Аталған іс- шараға Жетісу облысының әкімі аппаратының бөлім басшысы Бағдат Ақылбеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Абылайхан Хармысов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков қатысып, ақынды 85 жасқа толған торқалы тойымен құтықтап, нағыз адамға тән қасиеттерге ие тұлға ретінде халықтың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой - беделі жайлы кеңінен толғап өтті. Сондай-ақ...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика