Жаңалықтар

«Сұлу саздың сәулетшісі» композитор Мұратхан Егінбаев 85 жас

26 сәуір күні өнегелі өнерімен сусындатып жүрген Жетісулық композитор, Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаевтың 85 жасқа толуына орай Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында композитормен «Сұлу саздың сәулетшісі» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында келген оқырмандарға композитордың шығармашылығына арналған «Өнерім - өмірім» тақырыбында өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді. Аталған іс- шараға Жетісу облысының әкімі аппаратының бөлім басшысы Бағдат Ақылбеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Абылайхан Хармысов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков қатысып, ақынды 85 жасқа толған торқалы тойымен құтықтап, нағыз адамға тән қасиеттерге ие тұлға ретінде халықтың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой - беделі жайлы кеңінен толғап өтті. Сондай-ақ...
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.04.2024

«Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы»

Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында Қаныш Сәтбаевтың балалық және жастық шағы, ғылыми мұрасы туралы естеліктері айтылып, оқырмандар назарына «Қазақтың Қанышы» атты бейнеролик көрсетілді. Шарада №18 орта мектеп-лицейінің мұғалімі А.Рымова «Рухы биік – ұлы тұлға» тақырыбында оқыған баяндамасында: ол ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама екендігін, Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанғаны жайлы айтты. Кітапханашы Ә. Қанабек «Қазақ халқының ұлы ғалымы» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Тұлғатану сағатына Талдықорған қаласының Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының 7, 8 сынып оқушылары...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.04.2024

«Сұлу саздың сәулетшісі»

Құрметті оқырмандар! Сіздерді 26 сәуір сағат 11:00 де Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаевтың 85 жасқа толуына орай «Сұлу саздың сәулетшісі» кездесу кешіне шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Афиша Уақыты: 24.04.2024

«КІТАР шоу - 2024» кітап фестивалі

23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «КІТАР шоу-2024» кітап фестивалі өтті. Фестивальдің алғашқы сөзін алған Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханансының директоры Самал Қанатқанқызы Шаяхметова «Мәдениеттің мәйегі кітап екенін алға тартып, оқырмандарды кітап оқуға тарта отырып, авторларды елеулі мерекесімен құттықтады». Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің «Бақыт гүлі» түрік тіліндегі кітабының тұсауы кесілді. Тұсау кесерге ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, ҚР Жазушылар одағының Жетісу облысының филиалының төрағасы Жангелді Немеребай және ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағыныш Намазшамова кітаптың тұсауын кесіп, жүрек жарды тілектерін білдірді. Әрі қарай шара оқу залы...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2024

«Кітап - өмірлік ұстаз»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханашылары «Нағыз оқитын кез» акциясы аясында «Кітап өмірлік ұстаз» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шара: Жетісу облысының « Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Бәйтерек» күндізгі болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Шара барысында: Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге «Кітаппен қуаттан» атты кітап көрмесі таныстырылып, жас бүлдіршіндерге кітап білімдерін молайтатынын, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие алатындары жайлы мағлұмат беріліп, бөлімдегі сөйлейтін кітап үлгісі мен аудиокітаптардан қызықты ертегілер мен хикаяттар тыңдатылды. Шара соңында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар «Бәйтерек» күндіз болу орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Назгүл Асылханқызына бөлім атынан кітаптар сыйға беріліп, балаларға тәттілер мен сусындар таратылды.
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика