Жаңалықтар

«Амал келді жыл келді»

2024 жылдың 12 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 14 наурыз Көрісу күніне орай «Амал келді жыл келді» атты танымдық сағат өтті. Аталған шара «Наурыз- жыл басы» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Келген қонақтарға амал күніне орай дайындалған бейнеролик көрсетілді. Шараға Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен Тілегенова Сания Муханқызы қатысып, оқушыларға Амал мерекесі туралы ақпарат берді. Сондай ақ, Бақжұлдыз медиа орталығының мүшелері: Таңатар Кәусар «Наурыз думан» әнімен, Ныққали Айша күй орындап, Азаматқызы Еңлік «Дедімай-ау» әнін тарту етті. Шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелікке суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2024

«Жетісу кітап керуені» Талдықорған қаласы

12 наурыз - «Жетісу-кітап керуені» жобасы аясында Кербұлақ аудандық кітапханасына Талдықорған қалалық кітапханасынан Жетісу облысы әкімінің қолдауымен және басқа баспалардан жарық көрген кітаптардың 100 данасы сыйға тартылды. Іс-шараға Кербұлақ ауданының ақын жазушылары, ардагер әжелер, зиялы қауым өкілдері қатысып, ақын Амандос Елтайұлы мен Мергүл Асылханованың «Амандос және мен» атты кітабының тұсауы кесіліп, Амандос Елтайұлы өз өлеңдерінен үзінді оқып, жиналған қауымға тарту етті. Шара барысында Кербұлақ аудандық кітапханасы Талдықорған қалалық кітапханасына жергілікті ақын жазушылардың 80 дана кітабын сыйға тартты.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.03.2024

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім және «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік сазды кеш өткізілді. Шара барысында Қазақ зағиптар қоғамының төрағасы Аликен Әділбекұлы және Жетісу облысының мәдениет және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы нәзік жанды әйелдер қауымына жылы лебіздерін білдіріп, зағиптар клубының өнерпаздары мерекелік кешке арналған өз әндері мен өлеңдерін тарту етіп, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.03.2024

Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жыл толуына орай шығармаларынан үзінді дауыстап оқылды. Мақсаты: Жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін ұғындыру, оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу. Шара барысында кітапханашылар ақынның дарынды ұстаз болғанын, халыққа білім беру мақсатында көптеген бірнеше кітаптары мен оқу құралдарына, кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектеріне шолу жасалды. Сонымен қатар жазушының туған ұлы Бектұрдың, қызы Музаның берген сұхбаттарынан «SARA-SЕ» дауыстап оқитын машинкасы арқылы зағип жандарға үзінді тыңдатылды.
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.03.2024

«Әмина апа сомдаған бейнелер»

Мәлімет 2024 жылдың 05 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, актриса Ә.Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына орай «Әмина апа сомдаған бейнелер» атты еске алу кеші өтті. Әмина Өмірзақова жарты ғасырдан астам уақытын театр сахнасына арнап, 150-дей кейіпкердің рөлін сомдады. Кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Оның әсіресе, ана бейнесіндегі фильмдері әлі күнге дейін экраннан түспейді. Кеш орталық кітапхана қызметкерлері әзірлеген «Әзиз ана – Амина Өмірзақова» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Шараға Талдықорған қаласының № 4 орта мектептің 7«а» сынып оқушылары мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Мухамадиева қатысты. Шара соңында кітапханашы Ж.Дулыханова Әмина Өмірзақова туралы кітаптармен таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика