Жаңалықтар

Жетісу - кітап керуені!

Жетісу - кітап керуені!
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Афиша Уақыты: 02.02.2024

«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.

Кітап оқуды насихаттап өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті. Шараның салтанатты жабылуында сөз алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов «Ұрпақ тәрбиесінде, қоғамның дамуында кітаптың рөлі зор. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен насихаттау, қазақ әдебиетін дамытуға қолдау жасау – біздің ортақ міндетіміз. Адам өмірде өз орнын тапқысы келсе, қандай да бір жетістікке жетемін десе, ең алдымен кітап оқуы керек екенін және кітап жәрмеңкесінің жалғасатынын айтты». Кітап жәрмеңкесіне Алматы қаласынан арнайы келген әдебиет жанашырлары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.01.2024

«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ»

2023 жылдың 26 қаңтарында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты дөңгелек үстел өтті. Бердібек Соқпақбаев әлем таныған жазушы. Балалар әдебиетін Хантәңіріндей биікке көтерген қаламгер. Бүгін ХХI ғасырда кітаптары сөреден таптырмаса да, жүректерде жатталып қалған Бердібек Соқпақбаев бақытты жазушы. Халық сүйген, қалың оқырманы бағасын беріп, құрметпен мәңгі есінде сақтаған жазушы. Шара барысында «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты кітап көрмесі таныстырылып, кітапхана қорындағы сирек кітаптар да ұсынылды. «Бердібек Соқпақбаев және балалар әдебиеті» атты бейнеролик және «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Сондай-ақ, кездесу кешінде Еңбек ауылдық №22 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Мақпал сөз сөйлеп, оқушыларға балалар әдебиетінің атасы туралы айтып өтті. Осы мектептің 7 сынып о...
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.01.2024

«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесі өтті.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі домбыраны дәріптеген Н.Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің оркестрі көрмеге келушілердің көңілінен шығып, мәдени шараны сүйемелдеп отырды. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, жазушы Серік Әбікенұлы Сарыбай және жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Сарыбай қатысып кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтті. Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында жазушы, журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі кітап авторы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсауы кесілді. Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Жақұт меке...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.01.2024

JETISU BOOK FAIR кітап жәрмеңкесі

JETISU BOOK FAIR кітап жәрмеңкесі
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Афиша Уақыты: 18.01.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика