Өлке әдебиеттерін насихаттау аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Сарқан» аудандық газетінің бас редакторы Жомарт Мақатұлы Игіманның 65 жасқа толуына орай «Өлең кернеп барады жүрегімде» атты кездесу кеш өтті.
Шара барысында келген оқырмандарға ақын шығармашылығына арналған «Жүрегі жырға жомарт – Жомарт ақын» атты кітап көрмесі таныстырылып, өмірінен сыр шертер бейнеролик көрсетілді.
Аталған іс-шараға Жетісудың көрнекті ақын-жазушылары Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Нүрила Бектемирова, Жангелді Немеребай қатысып, ақынға 65 жасқа толған торқалы тойымен құтықтап, нағыз адамға тән қасиеттерге ие тұлға ретінде халықтың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын саласын атқарып отырған абырой – беделі жайлы кеңінен толғап өтті. Сондай-ақ кеште ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген жастар ақынның өле...
|