Жаңалықтар

Қазақтың сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатираның саңлағы» атты іс-шара өтті.

2024 жылдың 13мамыр күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақтың сықақшы-жазушысы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатираның саңлағы» атты іс-шара өтті. Шара барысында «Сатира – өмірдің айнасы» атты бейнеролик көрсетіліп, сатирик, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Самат Слямғазин сатира жанры туралы әңгімелеп, өзінің қызықты әңгімелерімен бөлісті. Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Ғалия Ешенова «Сатира – сарабдал сөздің жебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүзгізсе, Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары сатиралық әңгімелерден үзінді оқыды. Оқырмандар Оспанхан Әубәкіровтың өзі жазған «Құдаша қыз», «Біздің ағай тамаша», «Мұңайма» әндерін тыңдап, тамаша көңіл күймен тарқасты.
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.05.2024

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты 5 күндік кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингі бастау алды.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13-17 мамыр аралығында өтетін «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты 5 күндік кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингі бастау алды. Семинардың 1 ші күні кітапханашыларға - «Заман талабына сай шаралардың маңыздылығы», балалар кітапханаларының жұмыстары мен бағыттары, сапалық құрам есебін өткізу тәртібі, сандық көрсеткіштер бойынша есеп тапсыру үлгілері жайлы айтылды.
Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.05.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Талдықорған қаласының тұрғыны, қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Қуаныш Мусин «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өзінің жеке кітапханасынан 49 дана кітапты сыйға тартты. Оның ішінде орыс әдебиеті, шетел әдебиеті, өлкетану, тарихи әдебиеттер бар.
Толығырақ... Оқылды: 187 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.05.2024

«Марғұлан мұрасы – руханияттың қазынасы» атты тақырыпта ақпараттық дайджест өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде, Қазақ ССР академигі, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы – руханияттың қазынасы» атты тақырыпта ақпараттық дайджест өтті. Шара барысында Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер Әлкей Марғұланның ғылым және білім жолында қосқан үлесімен таныстырып, кітаптарына шолу жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.05.2024

«Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2024 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай, «Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушылары мен жетекшісі Т.Мырзалы және Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен жетекшісі Ж.Жексенбекова қатысты. Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садырбаева, Ә.Қанабек оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайы туралы, соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерен ерліктері мен соғысқа аттанып, елге оралмай із- түссіз кеткен Боздақтар жайлы сонымен қатар Соғыс Ардагерлері туралы мәлімет берді. Көрме соңында ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелік суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика