Жаңалықтар

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингінің 4-ші күні

16 мамыр күні «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингті ақпараттық –библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің маңыздылығы» атты сабақ өткізді. Треннингбарысында бөлім меңгерушісі Ешенова Ғ. «Кітапханалық анықтамалық-библиография аппараттарының оқырмандарға тигізер пайдасы» тақырыбында оның ішінде альфавиттік, жүйелі каталогтарды жүргізу, кітап көрмесін ұйымдастыру, библиографиялық жұмыс түрлері , жоспар жасау мен есеп беру жұмыстарын түсіндіріп, қатысушы кітапханашылармен олардың жүргізіп жатқан жұмыстарымен ой бөлісті. Кітапханашы Омарова К. «Библиографиялық құралдарды құрастыру – кітапхана қорын насихаттау кілті»тақырыбында библиографиялық құралдар, яғни көрсеткіштер, жаднамалар, бюллетендер, жолсілтемелер т.б баспа түрлеріне тоқталса,Web –Rabis бағдарламасындағы «Катологизатор» модульнде «Мақалалар» ДБ жү...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.05.2024

Қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті

Биыл қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында ақынның мерейтойына орай Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаламгердің мол мұраларын зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарларын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» атты 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесіне библиограф Г.Тұрсынқызы библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесі шараға келген зиялы қауым мен оқырман қауым назарына ұсынылды. Шара барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны шығарған баспа өнімдерінің 43 дана кітабын Ақсу аудандық орталық кітапханасының қорына сыйға табыстады. Жалпы іс-шараға 220 оқырман қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.05.2024

Семинардың 3 ші күні

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты семинар – тренингтің 3 ші күнінде кітапханашыларға - Web-Rabis бағдарламасы «Каталогизатор», «Комплектования» модулі жайлы сабақтар өтті. Сонымен қатар 15-17 мамыр аралығында техникалық қызмет көрсету және бағдаоламалық қамтамасыз ету бөлімі аудан,ауыл кітапханасының бағдарламашыларына «Заманауи медиа кеңістіктегі кітапхана» семинар-тренингіде өте бастады. Бағдарлымашыларға арналған семинардың 1 күні ЅММ құралдары (әлеуметтік беттерді визуалды безендіруде, әр түрлі бағдарламаларды пайдалану), сайт (мәтін, сурет, видео енгізу), РАБИС бағдарламасы (бағдарламаны орнату, жұмыс істеу парағын енгізу) және фото редактор (AdobePhotoshop бағдарламасымен таныстыру, визиткалар, сертификаттар, диплом, грамоталар, афишалар әзірлеу) сияқты сабақтар өткізді.
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.05.2024

Семинардың 2 ші күні

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13-17 мамыр аралығында өтіп жатқан «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты семинар – тренинг жалғасуда. Семинардың 2 ші күні кітапханашыларға - «Жоба кітапхана үшін маңызды және көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі мен түрлері», «Ерекше жандармен қарым-қатынас», қорды орналастыру тәртібі (ББК,УДК) жайлы айтылды.
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.05.2024

18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай «Мұражай – тарих айнасы» атты тарихи сағат өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай «Мұражай – тарих айнасы» атты тарихи сағат өтті. Шараның мақсаты – халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, музей қызметін, көрме залдарындағы ұлтымыздың ұлы мұрасы саналатын құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттау. Шара барысында осы бөлімнің кітапханашылары Мұражай күніне арнап ұлтымыздың бұрынғысы мен бүгінгісін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына. Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Өлке тарихы мен мәдениетінің рухани ордасы болып отырған, еліміздің осынау тарихы жайлы білгісі келетін адам алдымен мұражайға келетіні анық екенін айта кете, музейдің тарихқа деген қызығушылықтарын оятып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдыратынын, Жетісу облысындағы М. Тынышбаев атындағы музейі туралы біраз деректер беріп, кітаптарына шолу жүргізді.
Толығырақ... Оқылды: 131 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика