Жаңалықтар

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесінің ашылуы өтті.

2024 жылдың 11 маусым күні Талдықорған қаласының орталық арбат аланыңда Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесінің ашылуы өтті. Әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын таныту, Жетісу өлкесіндегі ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен шара «Жақұт мекен Жетісу» тақырыбындағы кітап көрмесін таныстыруымен бастау алды. Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасен, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ж. Әміреев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай, «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Қазақстан Жазушылар одағы мен Халықаралық Қаз...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда! Кітапханамыздың қорына Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Қадырқызы «Бейсен және Болмыс» және «Парасат биігі» атты кітаптарын сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2024

«Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша «Шуақты жаз» жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда. 7 маусым күні аталған шараға «Royal kids» оқу орталығының 1 және 2 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Cool dance» бөлімінде балалар Tik- tok желісіндегі танымал тренд билерді биледі. Сонымен қатар, «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Джунгли кітабы» мультфильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.06.2024

«Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі өтеді.

2024 жылдың 11-12 маусым күндері Талдықорған қаласы орталық арбат алаңында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана ұйымдастыруымен «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесі өтеді. Кітап жәрмеңкесіне «Атамұра», «Мазмұндама» баспалары, «Ziyat», «Асыл қазына» дүкендері, жеке кәсіпкерлер және кітап авторлары қатысады. Құрметті оқырмандар, кітап жәрмеңкесінен іздеген кітабыңызды тауып, зияткерлік ойындарға қатысып, поэзиялық шеру және концерттік бағдарламаларды тамашалай аласыздар! Келіңіздер, көріңіздер!
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: Афиша Уақыты: 07.06.2024

Жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, жоспар бойынша жазғы маусымға арналған шара жалғасын табуда. 6 маусым күні аталған шараға Абай атындағы №1 орта мектеп- гимназиясының 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері А.Абилдаева, С.Байсова, Н.Найманбаева қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында, кітапханашылар Қанабек Ә. мен Ноғайбек Г. «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатты. «Мультландия алаңы» атты бөлімде оқушыларға «Менің атым- Қожа» фильмі көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика