Жаңалықтар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жетісу облысының Б.Римова атындағы драма театрында салтанатты кеш өтті. Салтанатты шарада «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашысы Амреева Зауре Сейтқожаевна, Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Молдабаева Лазат Канатовна, Сарқан аудандық кітапханасының директоры Мухаметкалиева Гулнар Меркатовна марапатталса, Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Байтаева Райхан Егінбайқызы, Сарқан аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейполдина Айсұлу Тилектесовна, Талдықорған қаласының № 8 кітапхана филиалының кітапханашысы Қадырова Айгүл Қазтайқызы және Текелі қалалық кітапханасының директоры Кушекпаева Рахила Амангильдиевна, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Абейбе...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2024

«Мәдениетім –мәртебем» атты кітап көрмесі таныстырылды

21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде « Мәдениетім –мәртебем» атты кітап көрмесі таныстырылып,бөлімнің тұрақты оқырмандарына жалпы Қазақстанның мәдениеті пен өнер саласына үлес қосқан,қазақ зиялылары туралы ақпарат берілді.
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.05.2024

«Өмірі жырға толы лирик ақын» атты поэзия сағаты өтті.

21 мамыр күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың біртуар перзенті, көсемсөздің шебері, қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Өмірі жырға толы лирик ақын» атты поэзия сағаты өтті. Шараға Талдықорған қаласы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп оқушыларының «25 мектеп» көркем сөз үйірмесі мүшелері, №12 орта мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушылары және Жетісу облысының ардагерлер хорының әншісі Ш.Әбілдаева қатысты. Шара барысында ақын С.Жиенбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр - ғұмыр» атты бейне-ролик көрсетіліп, «Сәулелі сөздің шебері» кітап көрмесі таныстырылды. С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда туған жерді қастерлеу, отанды сүю, еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі тақырыптарға жазылған өлеңдері жас ұрпаққа үлгі өнеге. Оқушылар ақынның «Бөрік»,...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.05.2024

«Еліне елеулі тұлға» атты кездесу кеші өтеді.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 мамыр күні сағат 11:00-де жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Әпекұлы Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» атты кездесу кеші өтеді.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Афиша Уақыты: 20.05.2024

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда!!! Кітапханамыздың қорына Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының PHD-докторы Стамшалов Еркін Иманғазыұлы өзінің құрастыруымен шығарған «Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы», «Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.) атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары» және Әуезхан Шаштаевтың «Жетісу өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы (1867-1917 жж.)» атты барлығы 6 дана кітап сыйға тарту етті Құрметті оқырмандар, оқылған кітаптарыңызға екінші өмір сыйлағыңыз келсе, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика