Жаңалықтар

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Талдықорған қаласының «INNOVERSE High school» мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар Ерғалиева М. және Камбаева Н. оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, жалпы мәдениет ұғымымен кітапхана, бейнелеу және қол өнері, театр мен кино, сәулет өнері, археологиялық ескерткіштер, өнертану және төл мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан тұлғалар: сәулетшілер, суретшілер, әншілер, актерлар, композиторлар, күйшілер, мәдениеттанушылар, өнертанушылар туралы мәлімет берді.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.05.2024

Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» семинар-тренинг

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен 5 күндік «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» және бағдарламашылар арасында өткізілген «Заманауи медиа кеңістіктегі кітапхана» атты семинар – тренинг аяқталып, кітапхана ісі мамандарының өз білімдері мен кәсібилігін арттырып, семинар-тренингке белсене қатысып, білімдерін арттырғандары үшін сертификаттар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.05.2024

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингінің 4-ші күні

16 мамыр күні «Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтеижелер» атты семинар- треннингті ақпараттық –библиографиялық бөлімінің қызметкерлері «Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің маңыздылығы» атты сабақ өткізді. Треннингбарысында бөлім меңгерушісі Ешенова Ғ. «Кітапханалық анықтамалық-библиография аппараттарының оқырмандарға тигізер пайдасы» тақырыбында оның ішінде альфавиттік, жүйелі каталогтарды жүргізу, кітап көрмесін ұйымдастыру, библиографиялық жұмыс түрлері , жоспар жасау мен есеп беру жұмыстарын түсіндіріп, қатысушы кітапханашылармен олардың жүргізіп жатқан жұмыстарымен ой бөлісті. Кітапханашы Омарова К. «Библиографиялық құралдарды құрастыру – кітапхана қорын насихаттау кілті»тақырыбында библиографиялық құралдар, яғни көрсеткіштер, жаднамалар, бюллетендер, жолсілтемелер т.б баспа түрлеріне тоқталса,Web –Rabis бағдарламасындағы «Катологизатор» модульнде «Мақалалар» ДБ жү...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.05.2024

Қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті

Биыл қазақ поэзиясының Құлагері - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында ақынның мерейтойына орай Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаламгердің мол мұраларын зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарларын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» атты 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесіне библиограф Г.Тұрсынқызы библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесі шараға келген зиялы қауым мен оқырман қауым назарына ұсынылды. Шара барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны шығарған баспа өнімдерінің 43 дана кітабын Ақсу аудандық орталық кітапханасының қорына сыйға табыстады. Жалпы іс-шараға 220 оқырман қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.05.2024

Семинардың 3 ші күні

«Кітапханадағы инновация: әдістер, жобалар, нәтижелер» атты семинар – тренингтің 3 ші күнінде кітапханашыларға - Web-Rabis бағдарламасы «Каталогизатор», «Комплектования» модулі жайлы сабақтар өтті. Сонымен қатар 15-17 мамыр аралығында техникалық қызмет көрсету және бағдаоламалық қамтамасыз ету бөлімі аудан,ауыл кітапханасының бағдарламашыларына «Заманауи медиа кеңістіктегі кітапхана» семинар-тренингіде өте бастады. Бағдарлымашыларға арналған семинардың 1 күні ЅММ құралдары (әлеуметтік беттерді визуалды безендіруде, әр түрлі бағдарламаларды пайдалану), сайт (мәтін, сурет, видео енгізу), РАБИС бағдарламасы (бағдарламаны орнату, жұмыс істеу парағын енгізу) және фото редактор (AdobePhotoshop бағдарламасымен таныстыру, визиткалар, сертификаттар, диплом, грамоталар, афишалар әзірлеу) сияқты сабақтар өткізді.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика