Жаңалықтар

Қазақ халқының әйгілі әншісі, ақын Байжанұлы Жаяу Мұсаның туғанына 190 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты әдеби сазды кеші өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 ақпан күні қазақ халқының әйгілі әншісі, ақын Байжанұлы Жаяу Мұсаның туғанына 190 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты әдеби сазды кеші өтті. Жаяу Мұса Байжанұлы әнші, ақын, композитор 1835 жылы 18 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Ақынның ең танымал «Көкаршын», «Ақ сиса», «Хаулау», «Сапар» өлеңдері заман шындығын жырлауға арналған. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ғасыр үні» атты бейнеролик көрсетіліп, Дәнеш...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.02.2025

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, ақын Кенжехан Рақыш кітапханамыздың қорына «Соңғы сөз - соңғы кітап», барлығы 40 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.02.2025

Орта ғасырдағы қазақ ғалымы, тұңғыш тарихшы, белгілі би Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қадырғали Жалаиридің 495 жылдығына орай «Қазақтың ғұлама тарихшысы» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында «Тарихи тұлғалар. Қадырғали Жалаири» атты бейнеролик көрсетіліп, «Қадырғали Жалаири – тарихи тұлға» атты кітап көрмесімен кітапханашы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді. Қадырғали Жалаири — қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, ғылыми мұрасы мен шығармашылық еңбегі арқылы ұрпаққа өнеге қалдырған тарихи тұлға. Оның еңбектері бүгінгі күні де үлкен маңызға ие. Жалаири тарихы қазақ халқының ұлы өткенін түсінуге жол ашып, халықтың мәдениетіне, дәстүріне деген құрметті арттырады. Шараға Талдықорған қаласының тұрғыны қазыналы қария, тарихшы, өлкетанушы Қадырғали Жалаириды зерттеуші Құлтай Нұрқалбайұлы «Қадырғали би Жалаири – қазақ тарихының Геродоты» атты баяндама оқып, өзінің Қадырғали Жалаири туралы жазған кітаптарын оқушыларға с...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.02.2025

«Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпараттық сағаты өтті.

18 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жемқорлық індет, жою міндет» атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Дулыханова Жанар «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесімен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлық қоғамға жат дерт» атты бейнеролик көрсетілді. Жалпы жемқорлықтың қоғамға зияны туралы, оның пайда болу жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру арқылысыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығына тоқталып, күнделікті өмірдегі кездейсоқтық оқиғаларда тығырықтан шығу жолдарын мысалға келтіре отырып, сұрақ - жауап арқылы оқырмандармен ой бөлісті. Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғамның әрбір мүшесінің міндеті ретінде көрсету, сондай-ақ жастар арасында осы мәселенің маңыздылығын түсіндіру болды. Шараға Талдықорған политехникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.02.2025

Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамытуы бойынша сабақ

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында арнайы тақтайшаның көмегімен Брайль әліпбиін үйрену және грифильдің көмегімен жазу дағдыларын дамыту бойынша сабақ өткізілді. Сабақты бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар жүргізді. Сабақ барысында қатысушы Искаков Қанатхан Брайль әліпбиінің негізгі принциптерімен танысып, арнайы тактильді тақтайша арқылы әріптерді оқып, қолмен жазу тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар, грифель мен арнайы қағазды пайдалана отырып, өз бетінше мәтін жазу дағдыларын жетілдірді. Бұл сабақ зағип және нашар көретін азаматтардың коммуникативтік мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың тәуелсіздігін арттыруға және қоғамға бейімделуіне бағытталады.
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.02.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика