Жаңалықтар

«Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Мырза-Әлі Қадыр, Қазақстанның халық жазушысының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең – өнер пернесі» атты әдеби танымдық сағат өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиет зерттеушісі Мырза-Әлі Қадырдың шығармашылығына арналды. Ақынның әдеби мұрасы, оның поэзиясындағы терең ой мен ұлттың рухани байлығын дәріптеудегі рөлі туралы сөз қозғалды. Қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның еңбектерінен үзінділер оқылды. Шараның мақсаты — зағип және нашар көретін азаматтар үшін әдебиет әлемін ашып, олардың мәдени дамуына ықпал ету. Іс-шараға қатысушылар әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, ақынның шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасымен танысты. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Мырза-Әлі Қадыраның шығармалары мен оның әдеби мұрасы туралы басқа да материалдар ұсынылды.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2025

«Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 желтоқсан күні Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың алып тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Шара барысында оқушыларға Мұстафа Шоқай туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында сұрақ-жауап қойылып, «Дәуір даналары.Мұстафа Шоқай» атты деректі фильм көрсетілді. Дөңгелек үстелге №4 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Орманбеков Еламан Серікұлы мен 9 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті

қырман арасында Көксу ауданыныыЖетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Балалар әдебиетімен - болашаққа» жобасы аясындағы «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау жыл бойы 4, 5, 6 сынып оқушылары арасында өткізілді. 25 желтоқсан күні өткен қорытынды сайыста 4 сынып арасында: I - орынды Сайлаубер Ерсұлтан – Ескелді ауданы, II - орынды Бақтыбай Айданақ – Ескелді ауданы, III – орынды Қалиоллаұлы Ермұхан – Ескелді ауданы, 5 сынып арасында: I - орынды Кентай Дарын – Алакөл ауданы, II - орынды Тағлым Айару - Панфилов ауданы, III – орынды Даутхан Елдана – Панфилов ауданы, 6 сынып арасында: I - орынды Қасымбай Тілеужан - Көксу ауданы, II - орынды Манап Ақтамберді – Панфилов ауданы, III – орынды Жақып Айша – Сарқан ауданы иеленді. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2024

«Мұстафа Шоқай – түркі жұртының ұлы перзенті» атты ақпараттық сағаты өтті

Қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқайдың туылғанына 135 жыл толуына орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде «Мұстафа Шоқай – түркі жұртының ұлы перзенті» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны кітапханашы Рауан Нұрланов жүргізіп, ол қатысушыларды Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған арнайы дайындалған материалдармен таныстырды. Шара барысында Мұстафа Шоқайдың Түркістан мұхтариятының жетекшісі ретінде атқарған рөлі мен шетелдегі қоғамдық-саяси қызметіне қатысты тың деректер айтылды. Әсіресе, Мұстафа Шоқайдың шетелде шығарып отырған «Яш Түркістан» журналы арқылы түркі халықтарының мәдениеті мен тәуелсіздігін қорғау жолындағы еңбектері ерекше назарға алынды. Қатысушылар үшін оның шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттерден үзінділер оқылды. Сонымен қатар бөлімнің арнайы техникалық құрылғысы Sara-se дауыстап оқитын машинкасының көмегімен мәтіндерді тыңдау мүмкінд...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.12.2024

Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жаңа жарыққа шыққан 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

23 желтоқсанда Жетісу облысы әкімінің қолдауымен Жетісулық ақын-жазушылардың жанры мен жазылу ерекшелігі әрқилы 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі Тіл сарайында өтті. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетовтың қатысуымен өткен игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды. Тұсаукесер рәсіміне аймақтағы еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар және басқа да танымал тұлғалар қатысты. Шара барысында Жетісу облысының әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетов пен «Шаңырақ иесі» және «Жетім жүрек» кітаптарының авторы, жазушы Әли Әпекұлы Ысқабай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін және жиналған қаламгерлермен кітаптардың лентасын қиды. Осынау рухани қазыналардың тұсаукер салтанатында «Бай – қуатты болайық!» кітабының құрастырушысы Қарлығаш Табулдинова, ақын...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика