Жаңалықтар

"Мен саған сыр айтамын" атты поэзия сағаты өтті

Қазақ ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде "Мен саған сыр айтамын" атты поэзия сағаты өтті. Бұл іс-шара ақынның шығармашылығын дәріптеуге және оның поэзия әлеміндегі ерекше орнын атап өтуге арналды. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға Фариза Оңғарсынованың жүрекке жақын, өміршең лирикалық туындыларымен таныстырды. Ақынның өлеңдері тыңдалған сайын оқырмандар оның поэзиясының тереңдігі мен шынайылығына таңдана отырып, ерекше шабытқа бөленді. Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапхана қабырғасында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның шығармалары, фотосуреттері, сирек кездесетін кітаптары қойылды. Фариза Оңғарсынова – қазақ поэзиясының алтын қорына енген ірі тұлға. Оның шығармалары адамгершілік, махаббат, сұлулық пен рухани байлықты насихаттап, оқырманға терең ой салады. Мұндай шаралар ақын мұрасын құрметтеудің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.12.2024

«Карнавалды Кітапхана түні - 2024» мерекелік кеші өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өнер мен әдебиеттің тоғысқан, жаңа жылдық көңіл-күймен өрілген «Карнавалды кітапхана түні – 2024» мерекелік кеші өтті. Мерекелік шара әдебиет пен өнер сүйер қауым үшін ұйымдастырылған бағдарламасымен ерекшеленді. Кеш басы қонақтарды тамаша туындыларымен қуантатын өнер шеберлері, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының талантты әншілері, көрермендерді нәзік әуезділігімен баурайтын әндерімен Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Гүлбану Лахаева және Ақбота Сабыржанова әсем саз әлеміне баурап, өңіріміздің танымал ақындары қазақ жырының туын биік көтерген Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Немеребай Жангелді, жазушы, журналист, «Janr» әдеби клубының президенті Айдобосын Есболат, ақын Нұрмұхан Азамат және басқа да жас ақындар өз шығармаларымен тыңдармандарды терең ойға, асқақ шабытқа жетеледі. Сонымен қатар, Шынаргүл Онашбайдың жетек...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.12.2024

Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Сұлулыққа іңкәр ақын» атты лирикалық кеш.

18 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Сұлулыққа іңкәр ақын» атты лирикалық кеш өтті. Шара барысында «Өшпес сәуле» атты жазушының жарқын бейнесінен видеоролик көрсетілсе, «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмені кітапханашы Фатима Бектемисова таныстырды. Шараға Барлыбек Сырттанов атындағы №25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жадыра Колдейбаева ақын Фариза Оңғарсынованың ақындық әлемінен мағлұмат берсе, аталған мектептің дарынды оқушылары әр жанрдағы ақын өлеңдерін оқыды. Оның өлеңдері арқылы күш алып, болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпақ Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.12.2024

Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты патриоттық сағат өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты патриоттық сағат өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Айнаш Абейбекова тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрес, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы және Алаш қайраткерлерінің ел болашағы үшін атқарған еңбектері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, шара аясында көрме ұйымдастырылып, кітапханашы арнайы әдебиеттерді таныстырды. Қатысушылар тәуелсіздіктің тарихи және рухани маңызы жайлы тың мәліметтер алып, көрмеге қойылған шығармалар туралы қысқаша ақпарат алды.
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2024

Карнавалды кітапхана түні – 2024

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтетін «Карнавалды кітапхана түні – 2024» жаңа-жылдық кешіне шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Афиша Уақыты: 12.12.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика