Жаңалықтар

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі

2024 жылдың 8 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 10 тамыз – Абай Құнанбайұлы күніне орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты үлкен көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абай – еліміздің тарихында өшпес із қалдырған қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композиторы. Ол 1845 жылы 10 тамызда Шыңғыстау баурайында Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданы) дүниеге келген. Абайдың шығармашылық мұрасы - қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған даналығын бойына сіңірген рухани байлық. Көрмеге кітапхана қорындағы ақынның сан алуан шығармаларының ішінен алғашқы басылымдары (1943, 1946, 1950) шығарылып, сонымен қатар 2006, 2019 жылғы басылымдары да қойылды: өлең жинақтары, қара сөздері және оның зерттеулері, шетел тілдерінде шыққан Абайдың шығармалары, кемеңгердің шығармаларына арналған ғалым, жазушылардың зерттеулері мен еңбектері және т.б. Көрме Абай туралы оқып біліп, бай мұрасымен тереңір...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.08.2024

«Ұлы халықтың - ұлы Абайы» үлкен көлемді кітап көрмесі өтеді

10 тамыз - Абай Құнанбайұлы күні «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» үлкен көлемді кітап көрмесі өтеді. Уақыты 8 тамыз.
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Афиша Уақыты: 06.08.2024

«Әнімен әлемді әлдилеген әнші» атты жыр сағаты

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әнімен әлемді әлдилеген әнші» атты жыр сағаты өтті. Шараның мақсаты: Композитор Сыдық Мұхамеджановтың шығармаларын кеңінен насихаттап, ән жанры мен романстарын, пьесаларын зағип жандарға тыңдату. Шара барысы оқырмандарға композитордың өмірбаяны мен туындылары таныстылырып, оның тамаша әуендері мен әр қырлы шығармашылығы жайлы, аға буын композиторлардың бірі екені туралы мағлұмат беріліп, кітаптарына шолу жүргізілді. Сонымен қатар, Мұқан Төлебаев атындағы қазақ аспаптар оркестрінің мүшесі Абуев Асхат, дәстүрлі әнші, талантты тұрақты оқырманымыз Дәуен Алғысбек, композитор Сыдық Мұхамеджановтың музыкасына жазған «Ақ баян», «Ғасырлар үні» атты әндерін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.08.2024

«Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

2024 жылдың 1 тамызда Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Әліби Тоқжанұлы Жангелдиннің туғанына 140 жыл толуына орай «Менің ғұмыр жолым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Әліби Жангелдиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттар беріліп, Әліби Жангелдин кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы екені жайлы да айтылып өтті. Көрме соңында оқушыларға кітапханаға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың құрылу тарихымен, бөлімдерімен, ережелерімен таныстырылып, кітапхана туралы көптеген ақпараттар берілді. Сонымен қатар, балаларға қызықты ойындар ойнатылып, қазақ халқының тарихын дәріптейтін мультфильм көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.08.2024

Sara-Se дауыстап оқитын машинканы үйрету сабағы

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Sara-Se сканерлеп және дауыстап оқитын машинканы қолдануды үйрету сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқырмандарға Sara-Se машинкасының функционалдық міндеттерін, құрылғыдағы әр перне тақтаның қандай қызмет атқаратыны жайлы ақпарат беріліп,құрылғыдағы мәзірдің тілін таңдау,мәтінді оқыту жылдамдығын реттеу, сканерленген беттерді сақтау әдіс-тәсілі үйретілді.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.07.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика