Жаңалықтар

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шарасы

Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара екінші апта жалғасын табуда. Аталған шара балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келеді. 14 маусым күні кітапханаға № 7 К.Ушинский атындағы орта мектептің жазғы лагерь оқушылары мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалып, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, жоспар бойынша ұйымдастырылған «Әке шаңырақтың тірегі» атты отбасылық ойынын тамашалады.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2024

«Әке шаңырақтың тірегі» отбасылық спорттық ойын сайыс

14 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 18 маусым Әкелер күніне орай «Әке шаңырақтың тірегі» атты жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жанұялық спорттық ойынды дамыту, балалардың денсаулықтарын нығайту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында отбасылық спорттық ойын сайысы өтті. Ойын сайысқа әке мен балалардан құралған төрт топ қатысып, «1001 мақал-101 жұмбақ» мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, «Кім тапқыр?» атты логикалық сұрақтар қойылып, «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық ойын түрлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әке жайлы «Әке – ең құрметті ұлы есім» тақырыбында бейнесюжет көрсетіліп, «Әке – асқар тауым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шараға тұрақты оқырман және кітапханашы әкелер бақ сынасты. Қорытындысында, «Тұлпар» тобы үздік деп танылып, дипломмен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара жалғасын табуда.

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара жалғасын табуда. 13 маусым күні аталған шараға Қ. Қасымов атындағы № 28 IT-лицейі және № 4 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Оқушыларға кітапханаға экскурсия жасалып, кітап оқуды насихаттау мақсатында кітапханашы Қанабек Әлия «Зейін Time» атты викториналық сұрақтар ойынын ойнатып, мультиландия алаңында кинофильм көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2024

"Таза бейсенбі" акциясы

"Таза бейсенбі" акциясын қолдап кітапхана төңірегіне тазарту жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2024

«Бірегей Бердібектің бер бағасын» атты танымдық сағат өткізілді.

Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бірегей Бердібектің бер бағасын» атты танымдық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысының шығармаларын насихаттау Шара барысында кітапханашы Р.Нұрланов балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, оқырмандарға автордың «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларын Брайль, жайпақ және аудио нұсқа түрінде жазылған кітаптарды алып оқи алатыны жайлы ақпарат берілді.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика