Жаңалықтар

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрилә Бектемірованың 75 жасқа толуына орай «Жан дүниенің жарқын әлемі» атты кездесу кеші өтті.

15 ақпан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрилә Бектемірованың 75 жасқа толуына орай «Жан дүниенің жарқын әлемі» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында Нұрилә Бектемірованың өмірі жайлы «Шығармашылықтың дара жолы» атты бейнеролик таныстырылды. Шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, журналист,Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, Көксу аудандық әкімі аппаратының жетекшісі Жанар Кубеева мен Еңбек ардагері, ұстаз Аңсабала Балабекова және Жетісулық ақын-жазушылар қатыстып, жылы лебіздерін білдірді. Шарада Нұрилә Бектемірованың «Өмірдің өзгермейтін жұмбағы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағыны...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.02.2025

«Терроризм — біздің жауымыз, біз бірге жеңеміз!» ақпарат сағаты өтті

Кітапхананың ұйымдастыруымен «Терроризм — біздің жауымыз, біз бірге жеңеміз!» атты ақпарт сағаты өтті. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Терроризмнің көздеген мақсаты – қоғам қауіпсіздігін тәрк ету. Яғни, адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтіру. Сондықтан да мұны көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Аталған қылмыстың обьективтік жағы – өрт қою, адамдар көп шоғырланған жерлерде жарылыс жасау, қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттерге бар. Ал, субьективті жағын алар болсақ, терроризм тек қана тікелей қасақана ниетпен жасалады. Осыған орай, кітапханада №4 орта мектептің 7 сынып оқушыларына терроризмге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.02.2025

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл «Ер есімі – ел есінде» апталық кітап көрмесі жалғасуда

12 ақпан күні кітапханада 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» апталық кітап көрмесі жалғасуда. Көрменің мақсаты - жастардың бойына отансүйгіштік, батылдық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, адалдық пен толеранттылық орнату. Ауған соғысы ардагерлеріне деген құрмет қалыптастыру және олардың әрекеттерін болашақ ұрпақтың жадында сақтау. Көрмеге қойылған Леонид Теплинскийдің «История советско-афганских отношений 1919-1987», «Правда об Афганистане», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ, қара майордың мұсылман батальоны. Второй мусульманский», Александр Барттың «О павших в Афганистане», Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» т.б. кітаптары шараға қатысқан Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары мен жетекшісінің және кітапхананың тұрақты оқырмандарының қызығушылығын тудырды. Көрме 15 ақпанға дейін оқырманда...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.02.2025

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Жыл сайын Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтарды еске алып, көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету шарасы кітапханамызда дәстүрге айналған. Осы еске алу күні қарсаңында кітапханамызда «Ер есімі – ел есінде» кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Арнайы жасақталған көрмеден орын алған Ауғанстан мемлекеті, соғыстың басталуы, кеңес әскерлерінің әскери әрекеттері, Ауғанстан жолдарынан өткен жас сарбаздардың ерлігіктері туралы және интернационалист жауынгерлердің жеке естеліктері жайлы баяндайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалаларға библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге қойылған Леонид Теплинскийдің «История советско-афганских отношений 1919-1987», «Правда об Афганистане», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ, қара майордың мұсылман батальоны. Второй мусульманский», Александр Барттың «О...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2025

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Адамның атын еңбегі шығарады» атты ақпараттық дайджест

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Адамның атын еңбегі шығарады» атты ақпараттық дайджест өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріп, жазушының әдеби мұрасын қамтитын кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан зор үлесін көрсететін шығармалары қойылды. Сонымен қатар, кітапхананың тұрақты оқырманы, ақын, жазушы Гүлнара Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, Мұхтар Мағауиннің шығармашылығының қазақ руханиятындағы маңыздылығына тоқталды. Ол жазушының ұлт тарихын зерттеудегі рөлін, оның қазақ әдебиетіне әкелген жаңашылдығын ерекше атап өтіп, қаламгердің еңбектерінің келешек ұрпақ үшін баға жетпес құндылық екенін жеткізді. Бұл кездесу Мұхтар Мағауин мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір дәлелдеп, оқырмандарға рухани азық болды.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика