Жаңалықтар

«Сезім мүшелері арқылы әлемді тану» атты инклюзивті тренинг

Сервис және технология колледжінің жатақханасында ерекше форматтағы инклюзивті тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны «A&A: IT-services & Education» ұйымы мен Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашылары бірлесе өткізді. Тренингке колледж студенттері белсене қатысып, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай сезінетінін түсінуге мүмкіндік алды. Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларға сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдаудың маңыздылығын көрсету, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай қабылдайтынын түсіндіру және эмпатияны дамыту. Тренинг үш кезеңнен тұрды: 1-кезең: Суреттегі екі бейнені табу Қатысушыларға көру арқылы берілген суреттерден жасырын бейнелерді табу тапсырылды. Бұл кезең зейін мен байқағыштықты арттыруға бағытталды. 2-кезең: Дыбыстарды тыңдап, есте сақтау Түрлі дыбыстарды тыңдау арқылы олардың айырмашылықтарын анықтау, әрі сол...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2025

«Ғылым – ғажайып әлем» атты танымдық сағат

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізіп, қатысушыларға отандық ғылымның дамуы, қазақстандық ғалымдардың жетістіктері мен ғылымның қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, елімізге еңбегі сіңген белгілі ғалымдардың өмір жолы мен ғылыми жаңалықтары жайлы қызықты деректермен бөлісті. Шара танымды, әсерлі өтіп, тыңдаушылар тарапынан ерекше қызығушылық пен белсенділік байқалды.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.04.2025

«Дені саудың – жаны сау» үстел үсті ойындары өткізілді

7 сәуір – Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде оқырмандар арасында «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта үстел үсті ойындары ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік беру. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарында жарысып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар мен қызықты викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін шыңдады. Іс-шара достық және көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Қатысушылар өзара жылы лебіздерін білдіріп, осындай басқосулардың жиі ұйымдастырылуын қолдады.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.04.2025

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті.

1 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті қазақ сазгері, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті. Шара барысында қонақтарға ұлы тұлғаның ғұмыры жайлы толығырақ ақпаратпен танысу үшін «Ғасыр сазын тербеген» атты кітап көрмесі мен Нұрғиса Тілендиевтің қалыптастырған дара жолы жайлы бейнеролик ұсынылды. Шарада Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің «Домбыра» сыныбының оқытушылары Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Свурбаева Асем Илмуратовна мен ұлағатты ұстаз Базарбаева Ғаниса Ахметжановна ұлы тұлғаның өмірі мен өнеріне тоқталып, ұлы тұлғаның жалпы өнері мен өмір жолдарынан сыр шертіп, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» және «Ата толғауы» күйлерін тарту етті. Шараға Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты,...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.04.2025

«Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы оқырмандарға театр өнерінің қалыптасу тарихы, оның қоғамдағы маңызы және қазақ театрының даму жолдары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Театр өнерінің мәдениетке қосқан үлесі мен оның адам санасына тигізер әсері жайлы қызықты деректер келтірілді. Оқырмандар назарына театр өнеріне арналған арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге әлемдік және қазақ драматургиясының үздік туындылары, театр тарихы туралы құнды еңбектер, атақты режиссерлер мен актерлер жайлы кітаптар қойылды. Көрмемен танысқан оқырмандар театр әлеміне қатысты жаңа мәліметтер алып, осы өнердің сиқырлы әлеміне терең бойлады.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.03.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика