Бүгін кітапхана шаңырағында қазақ жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романын талқылау сағаты өтті.
Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Жүсіпбек Аймауытовтың драматург, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Күнікейдің жазығы», «Мен қалай үйлендім?» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды.
«Ақбілек» туындысының желісіне талдау жүргізіліп, Ақбілек – қазақ ауылының сұлу қызы азаматтық соғыс кезінде оны ақ әскерлер тұтқынға алып, зорлық көрсеткені, қашып құтылғаннан кейін, ол ауылына оралғаны, бірақ өсек-аяң мен әділетсіздікке тап болғаны, қоғамның теріс көзқарасына қарамастан, Ақбілек өзін дамытуға күш салып, жаңа өмір бастағаны жайлы баяндалып және роман әйел тағдыры, қоғамның әділетсіздігі мен рухани жаңғыру туралы екендігі...
|