Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Казақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Көксу ауданының құрметті азаматы, балалар әдебиетінің жазушысы Жұмабала Балақаранованың 75 жасқа толуына орай «Ертегі әлем елшісі» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Жұмабала Балакаранова – қазақ ертегілерін насихаттаушы, педагог және балалардың сүйікті ертегішісі ретінде танымал. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен және Президенттің алғыс хатымен марапатталған. Жұмабала апа халық ертегілері арқылы балаларға жақсылық, мейірімділік, білімге ұмтылу және еңбексүйгіштік секілді құндылықтарды дәріптеп келеді.
Кездесу кешінің басы Жұмабала Балақаранованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірім – өренім» атты бейнероликтен бастау алды.
Барлыбек Сырттанов атындағы №25 мектептің 3 сынып оқушылары Жұмабала апаның ертегілерінен қойылым қойылып, қонақтарды балалық шаққа жетелейті...
|