Жаңалықтар

Жастарға қызмет көрсету орталығында инклюзивтік тренинг өтті

Талдықорған Жастары орталығы мен «It Service Education» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері арасында инклюзивтік тренинг өткізілді. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі мен инклюзивті білім алуға деген көзқарасты жақсартуға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен олардың күнделікті кездесетін қиындықтары туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, шараға зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханасы да қатысып, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын таныстырды. Кітапханашы Нұрланов Рауан зағип және нашар көретін жандарға арналған арнайы құрылғыларды да таныстырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар дауыстап оқитын Clear Reader құрылғысымен, Victor Reader тифлофлешплеерімен және басқа да көмек...
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.01.2025

«Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны өтті

30 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға топтық жарыста өздерінің білім деңгейін көрсету, тез ойлау қабілеті мен логикасын шыңдау мақсатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Абай атындағы №1 ОМ 9 сынып оқушыларынан төрт команда жасақталды. Олар: «Жас қыран», «Жалын», «Дарын», «Самға» топтары. «Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны 4 кезең бойынша: «Бәйге», «Полиглот», «4 сурет, 1 сөз», «Ойлан, тап!» өтті. Ойында қатысушылар зеректілігін арттыра отырып, сайысып, жүзден жүйрік атанған «Самға» тобы оза шауып жеңіске жетті. Кітапхана директоры атынан диплом табыс етілді.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.01.2025

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда Тарихшы, өлкетанушы Құлтай Нұрқалбайұлы кітапханамыздың қорына «Жалайыр тарихынан» 4-кітап Жалайыр тарихының деректемелері, «Жалайыр тарихынан» 8-кітап Жалайыр Ескелді би (зерттеу), «Жалайыр тарихынан» 10-кітап Жалайыр Сыпатай баба (Ғылыми-этнографиялық зерттеу), «Жалайыр тарихынан» 11-кітап Қадырғали би Жалайыр анықтамалық, «Сиыршы абыз шежірешілері», «Қазақтын тұңғыш тарихшысы Қадырғали би Жалайырдың туғанына - 485 жыл толуына арналған ғылыми конференцияның құжаттары», «Қадырғали би Жалайыр қазақ тарихының Геродоты» (Библиографиялық көрсеткіш), «Қадырғали би Жалайыр» (1530-1605 жж) барлығы 8 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.01.2025

Ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұрағаты мығым - Жұматай» атты еске алу кеші өтті

28 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Мұрағаты мығым - Жұматай» атты еске алу кеші өтті. Жұматай Жақыпбаев - Алаш жұрты үкілеген бір шоғыр ақындардың бірегейі. Төрт құбыланы түгел жырлап, өзі тіршілік еткен заман мен уақыттың қамшы салдырмас тамыршысы бола білді. Ардың сөзін, ақиқаттың өзін айтты. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының қарыштап дамып, өсуіне үлес қосқан ақын. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сөз зергері» атты бейнеролик көрсетіліп, кітапханашы Бақытгүл Касенова «Жыр арқауы –Жұматай» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараға Жетісу облысы жазушылар одағының төрағасы Жангелді Немеребай, ақын Қалқаман Абдірахманұлы қатысып ақынның шығармашылық жолынан сыр шертті. Сондай – ақ Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Бақ жұлдыз» продюсерлік...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.01.2025

Ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға 85 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты танымдық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға 85 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты танымдық сағаты өтті. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген«Аласапыран»тарихи дилогиясы 1981–1983 жылдары жарық көрді. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тапты. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты бейнеролик көрсетіліп, «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, білім саласының үздігі, ардагер мұғалім Әуелбек...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика